639
♣
организмнің
гипергидратациясы
кезінде
қан
сұйылуынан бұл қысымның төмендеуі байқалады.
●
рефлекстік
жолдармен
шумақтардан
шығатын
артериолалар,
катехоламиндердің,
ангиотензиннің,
вазопрессиннің
әсерлерінен,
тарылып,
оларға
енетін
артериолалар,
кининдердің,
А-,
Е-простагландиндердің
әсерлерінен, босаңсып кеңігенде;
● шумақтардың тіректік мембранасы мен подоциттерінің
өткізгіпггігі көтерілгенде несеп көп сүзіледі.
Несеп сүзілуінің азаюы.
Мына жағдайларда несеп сүзілуі азаюы мүмкін:
● шумақ қылтамырларында қан қысымы (ҚҚ) төмендегенде;
ол өз алдына мына себептерден дамиды:
♣ сілейме, коллапс, қан айналымы жеткіліксіздігі
кездерінде жүйелік артериялық қан қысымы тым қатты
төмендегенде;
♣ бүйрек шумақтарына қанның ағып келуі (бүйрек
артерияларының
артериосклероздық
тарылуы,
тромбозы
кездерінде) азайғанда;
● қанда коллоидтық-осмостық қысым көтерілгенде; ол өз
алдына:
♣ организмнің сусыздануы кезінде қанның қоюлануынан;
♣
көп
мөлшерде
организмге
нәруыздық
сұйықтар
енгізгенде;
♣ гиперпротеинемиямен қабаттасатын аурулар кездерінде
байқалады;
● зәр жүретін жолдарының цилиндрлермен, тастармен
бітелуі, сыртынан қысылып қалуы (қуық асты безінің
аденомасы) нәтижесінде Боумен қапшығы қуысында қысымның
көтерілуі кезінде; мәселен, Боумен қапшығы ішіндегі қысым
с. б. б. 25 мм-ге
жеткенде шумақтар арқылы несеп сүзілуі
мүлде тоқтап, анурия дамиды;
●
диффуздық
гломерулонефриттер,
нефросклероз
кездерінде қызмет атқаратын нефрондар азайғанда нефрон
шумақтары арқылы несеп сүзілуі азаяды.
Достарыңызбен бөлісу: