642
тәріздес полиартриттер т.с.с. иммундық кешендік аурулар
кездерінде
болуы
мүмкін.
Кейбір
вирустық
жұқпалар
кездерінде
де
иммундық
кешендердің
(вирус+антидене)
түзілулері ықтимал. Бұл кешендер қанмен айналып жүріп,
бүйрек шумақтарының тіректік мембранасына, қылтамырлардың
қабырғаларына және тамыр аралық кеңістіктерге ауысып,
оларды бүліндіреді.
Жоғарыда көрсетілген бүйрек шумақтарының тіректік
мембранасына
қарсы
антиденелер,
иммундық
кешендер
нейтрофильдердің,
макрофагтардың,
тромбоциттердің,
лимфоциттердің,
комплемент
құрамбөлшектерінің,
простагландиндердің, калликреин-киниң, қан ұю жүйелерінің
т.б. қатысуымен нефрондардың бүліністерін туындатады.
Гломерулонефрит кезіндегі нефрон шумақтарының бүліну
жолдарында олардың қылтамырларында қан ұюы көтерілуінің
маңызы өте зор.
Бүйрек шумақтарының тіректік мембраналарының қатты
бүліністерін туындататын нефропатиялардың бір тобы больш
нефроздық синдром есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: