Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Қызмет атқаратын шумақтардың азаюы



Pdf көрінісі
бет541/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Қызмет атқаратын шумақтардың азаюы.
Жайылмалы (диффуздық) гломерулонефрит кезінде қабыну 
үрдісінің біртіндеп ұлғаюына байланысты бүйрек тіні 
ісінеді және жергілікті бүйрек жасушаларының өсіп-өнуі 
дамиды. 
Осыдан 
Боумен 
қапшықтарының 
ішінде 
қысым 
көтеріліп, несеп сүзілуін азайтады. Қызмет атқаратын 
нефрондардың жалпы саны азаюынан сүзгі беті кішірейеді, 
олигурия дамиды. Бүйректің несеп шығару қызметі бұзылады. 
Сондықтан қанда қалдық азоттық деңгейі (әдетте 15-20 
ммоль/л) көтеріліп, тұтылулық (ретенциондық) гиперазотемия 
дамиды. Бұл кезде қанда зәрнәсілдің (мочевинаның) (әдетте 
3,3-7,0 ммоль/л), зәр қышқылының (әдетте 0,10-0,40 
ммоль/л. немесе 120-240 мкМ/л), креатининнің (әдетте 40-80 
мкмоль/л), индиканның, фенолдардың, индолдың, скатолдың 
т.б. ішектерде болатын іру-шіру өнімдерінің бірнеше есе 
көбеюі байқалады. Бүйректің несеп шығару қызметінің 


645
бұзылуы нәтижесінде фосфаттардың, сульфаттардың және 
органикалық қышқылдардың организмнен шығарылуы тежеліп
қанда 
олардың 
мөлшері 
көбейеді 
— 
гиперфосфатемия, 
гиперсуль-фатемия, 
гиперацидемия 
дамиды. 
Көрсетілген 
заттардың 
аниондары 
жасуша 
сыртындағы 
сұйықтарында 
гидрокарбонаттарды 
ығыстырып, 
қанның 
сілтілік 
мүмкіншілігін төмендетеді (18-13,5 мМ/л - дейін, қалыпты 
жағдайда ол 25-31 мМ/л болады). Осыдан бүйректік 
азотемиялық ацидоз дамиды. 
Организмнен электролиттердің (К
+
, Nа
+
, Мg
2+
, СL

иондарының) несеппен шығарылуы тежелуінен қанда Мg
2+
мен К
+
көбейіп (гиперкалиемия, гипермагниемия), ал Nа
+
-, К
+

насосының қызметі бұзылуынан натрий жасушалардың ішінде 
жиналады. Содан судың жасушаларда және жасуша аралық 
кеңістіктерде жиналуы дененің ісінуіне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   537   538   539   540   541   542   543   544   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет