Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет549/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

талғамсыз протеинурия
дейді. Бұл кезде 
JgG/трансферрин арақатынасы 0,1 -ден жоғары болады. 
Сонымен бірге, организмнің кадмий қосындыларымен 
уланғанында, Фанкони синдромында, кейбір тұқым қуатын 
аурулар кездерінде 
түтіктік протеинурия
байқалуы мүмкін. 
Бұл 
кезде 
нефрон 
өзекшелерінде 
кері 
сіңірілудің 
бұзылыстары болады. Түтіктік протеинурия кезінде несепте 
ұсақ молекулалы нәруыздар (β
2
-микроглобулин) басым болады 
және оның несеппен шығарылуы тәулігіне 2 г-нан аспайды. 
Протеинурия бүйрек ауруларынан басқа жағдайларда да 
кездесуі мүмкін. Зәрде нәруыздың аз мөлшерде пайда болуы 
несеп өтетін жолдардың бүліністерінде де байқалады. Ол 
адам ұзақ уақыт түрегеп тұрғанда да дамиды. Оны 


653
ортостатикалық протеинурия
дейді. Бүйрек қалыпты орнынан 
төмен ығысқанда (нефроптоз) біршама протеинурия байқалады. 
Бұл соңғы екі жағдайдағы протеинурияны ажырату қажет. 
Зимницкийдің әдісі бойынша несепті зерттегенде, оның адам 
ұйқыға 
жататын 
түнгі 
мезгілдеріндегі 
бөлшектерінде 
нәруыздар 
табылмаса 
ол 
ортостатикалық 
протеинурияны 
көрсетеді. 
Зәрде эритроциттердің пайда болуын 
гематурия
дейді. Ол 
гломерулонефрит 
кезінде 
және 
несеп 
жолдарының 
бүліністерінде байқалады. Гломерулонефрит кезінде нефрон 
шумақтары арқылы өткен эритроциттер гемолизге ұшырап
несепте олардың қабығы ғана қалады. Несеп жолдарының 
бүліністері 
кездерінде 
несепте 
бүлінбеген 
тұтас 
эритроциттер пайда болады. 
Несепте лейкоциттердің көп болуын 
пиурия
дейді. Ол 
несеп жолдарының қабынуларын көрсетеді. 
Несепте 
цилиндрлердін 
болуын 
цилиндрурия
дейді. 
Несепте 
нәруыздардың 
көп 
болуынан 
зәрде 
гиалинді, 
эпителиалды және түйіршікті цилиндрлер пайда болуы мүмкін. 
Бұл цилиндрлер нефрон өзекшелері саңылауларының көшірме 
бедерлері болып келеді және олар ұйыған нәруыздардан 
немесе 
ыдыраған 
эпителий 
жасушаларынан 
тұрады. 
Цилиндрлердің 
құрылу 
негізінде 
нефрон 
өзекшелерінің 
қуысына эпителий жасушалары өндіріп шығаратын нәруыздың 
маңызы бар. Бұл нәруызды алғаш ашып, жариялаған Tam-
Horsfall атымен атайды. 
Сонымен 
қатар, 
цилиндрлер 
эритроциттерден, 
гемоглобиннен, және лейкоциттерден тұруы мүмкін. 
Несепте тұздардың болуын 
кристалурия
дейді. Онда 
оксалат, зәр қышқылы, фосфат тұздары болуынан тас байлану 
мүмкіншіліктері пайда болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   545   546   547   548   549   550   551   552   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет