Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің жалпы көріністері



Pdf көрінісі
бет550/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Бүйрек қызметі жеткіліксіздігінің жалпы көріністері. 
Нефрон 
өзекшелерінің 
және 
шумақтарының 
біріккен 
бұзылыстарынан бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі дамиды. 
Ол жіті және созылмалы болып ажыратылады. 
Оның негізгі көрсеткіштері болып: 
● бүйрек шумақтары арқылы несеп сүзілудің қарқыны 
азаюы; егер ол қалыпты жағдайда минөтіне 100 мл болса, 
бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі кезінде 10-15 мл-ге 
дейін азаюы мүмкін; 
● несеп шығарылуының азаюы немесе толық тоқтауы 
(олигурия, анурия дамуы); 
● гиперазотемия – қанда нәруыздар алмасуының соңғы 
өнімдері (зәрнәсіл, зәр қышқылы, креатинин, индикан т.б.) 
жиналып қалуы; 
● гипостенурия және изостенурия дамуы; 


654
● 
гипо- 
немесе 
гиперкалиемия, 
гипонатриемия, 
гиперсульфатемия, гиперфосфатемия дамуы; 
● организмде және қанда ацидоз дамуы – есептеледі. 
Бүйрек қызметінің жіті жеткіліксіздігі. 
Этиологиясы. 
Бүйрек қызметінің
 
жіті жеткіліксіздігі 
(БЖЖ) күтпеген жерден пайда болуы мүмкін. 
Бүйрекалдылық себепкер ықпалдарға: 
● қан тамырларының сілейме, коллапс кездеріндегі жіті 
жеткіліксіздіктері; 
● организмнің сусыздануы; 
● бұлшықеттердің жаншылудан, жүрек етінің миокард 
өлеттенуінен артық ыдырап кетуі, миолиз дамуы; 
● эритроциттердің әртүрлі себептерден артық гемолизі 
т.с.с. жатады. 
Бүйректік ықпалдарға: 
● бүйрек тінін тікелей бүліндіретін ауыр металдар, улы 
химиялық 
заттар, 
дәрі-дәрмектер 
(антибиотиктер, 
сульфаниламидтер, барбитураттар т.б.), саңырауқұлақтар мен 
жылан улары, анаэробтық жұқпалар 
● жіті гломерулонефриттер мен пиелонефриттер 
● бүйрек тамырларының тромбозы мен эмболиясы т.б. 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   546   547   548   549   550   551   552   553   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет