663
Либериндерге:
кортиколиберин,
соматолиберин,
пролактолиберин,
тиреолиберин,
гонадолиберин,
меланоцитолиберин т.б. жатады.
Статиндерге:
соматостатин,
пролактостатин,
меланоцитостатин т.б. жатады.
Гипофизге әсер ететін гормондар гипоталамустың әр
жерлеріне орналасқан нейрондармен өндіріліп шығарылады.
Бұл нейрондардың аксондары гипофиздің қақпалық қан
тамырлары
жүйесі
басталатын
гипоталамустың
орталық
көтеріңкі жерінде аяқталады. Сондықтан да олар гипофизге
қан тамырлары арқылы тікелей тез жеткізіледі (-сурет).
Гипофизге
әсер
ететін
гормондардың
(дофаминнен
басқаларының) барлығы пептидтерге жатады. Бұлардың әсер
ету жолдары аденилатциклаза-цАМФ жүйесі арқылы қосылады.
Көрсетілген гормондар өндіріліп шығарылуының бұзылыстары
гипоталамуста жоғарыда келтірілген дерттік өзгерістер
болғанда байқалады. Осыдан шеткері эндокриндік бездердің
қызметтерінің гипофиз арқылы реттелуінің бұзылыстары
болады. Осылай қалқаншабездің, бүйрек үсті бездері сыртқы
қабатының және жыныстық бездердің қызметтері өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: