Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Глюкозаның кері сіңірілуінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет544/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Глюкозаның кері сіңірілуінің бұзылыстары.
Глюкозаның 
нефрон 
өзекшелерінде 
кері 
сіңірілуі 
бұзылуынан глюкозурия дамиды. Глюкозурия бүйректен тыс 
және бүйректік болуы мүмкін. Бүйректен тыс пайда болатын 
глюкозурия 
бүйрек 
межесінен 
(9,4-10 
мМ/л) 
артатын 
гипергликемияның барлық түрлерінде болады. Бүйректік 
глюкозурия кезінде қанда глюкозаның деңгейі қалыпты немесе 
тіпті 
қалыптыдан 
аз 
болуына 
қарамай 
ол 
несеппен 


648
шығарылады. 
Бұл 
глюкозурия 
бүйректің 
созылмалы 
ауруларында, қорғасынмен, сынаппен, уранмен уланғанда
сонымен қатар глюкозаның реасорбциясын қамтамасыз ететін 
ферменттердің (гексокиназа, глюкоза-6-фосфатаза) тұқым 
қуатын ақаулары немесе жүре пайда болған олардың 
белсенділігінің төмендеуі кездерінде байқалады. Глюкозаның 
соңғы несепте көбеюі, несептің осмостық қысымын көтеріп, 
полиурия дамуын туындатады. 
 
Нәруыздардың кері сіңірілуінінің бұзылыстары.
Нәруыздардың 
кері 
сіңірілуі 
бұзылуынан 
дамитын 
протеинурияны тубулалық немесе өзекшелік протеинурия 
дейді. Бұл протеинурия: 
● нефрон шумақтары арқылы алғашқы несепке сүзілген 
нәруыздардың 
бүйрек 
өзекшелерінде 
кері 
сіңірілуі 
бұзылуынан; 
● 
бүйрек 
өзекшелерінің 
бүлінген 
жасушаларынан 
нәруыздардың несепке түсуінен - дамуы мүмкін. 
Біріншісі 
организмнің 
кадмиймен, 
фенацитенмен 
уланғанында, 
гипоксия, 
күйік, 
Д 
гипервитаминозы, 
септицемия, 
бүйрек 
қызметінің 
жіті 
жеткіліксіздігі, 
Фанкони синдромы кездерінде байқалады. Қалыпты жағдайда 
бүйрек 
өзекшелерінің 
эпителий 
жасушаларында 
алғашқы 
несепке 
сүзілген 
нәруыздар 
толығынан 
кері 
қанға 
сіңіріледі. Ал, олардың несеппен шығарылуы осы кері 
сіңірілу тетіктерінің бұзылыстарынан болады. 
Протеинурияның екінші түрінде нәруыздар несепке зәр 
өту жолдарынан, бүлінген өзекше жасушаларынан түседі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   540   541   542   543   544   545   546   547   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет