644
айналымдағы қанның көлемі азаяды, гиповолемия дамиды.
Осылардың нәтижесінде бүйректе ренин өндірілуі артып,
ренин-ангиотензин жүйесі арқылы әлдостерон, вазопрессин
көп өндіріледі. Сондықтан организмде натрий мен судың
тұтылуы дене ісінуін одан сайын ұлғайтады.
Липоидтық нефроз кезінде қан сарысуында, әлбуминнің
деңгейі азаюына байланысты, альфа-2 және бета-глобулиндер
көбейіп, диспротеинемия дамиды. Сонымен бірге, қанда
липопротеидтер, әсіресе өте төмен және төмен тығыздықты
бета-липопротеидтер көбейеді, холестерин, үшглицеридтер
мен фосфолипидтердің деңгейі көтеріледі. Осыдан қан
тамырларында атеросклероз дамуына қолайлы жағдай дамиды.
Липопротеидтер жартылай алғашқы несепке сүзіледі де,
липидурия байқалады және нефрон өзекшелерінің эпителий
жасушаларына майлар жиналады.
Нефроздық синдром кезінде несеппен трансферин т.б.
металдарды байланыстыратын нәруыздар, иммуноглобулиндер,
антитромбин III, қан ұю факторлары шығарылады. Сондықтан
бұл ауру кезінде тромбэмболия дамуы ықтимал, бактерияларға
организмнің
төзімділігі
төмендейді,
теміртапшылықты
анемия,
С
және
Д
гиповитаминоздар,
гипокальциемия
байқалады.
Бұл
көрсетілгендерге
қоса
салдарлық
нефроздық
синдромдар кездерінде оларды туындатқан негізгі дерттердің
көріністері де байқалады.
Сайып
келгенде,
гломерулонефрит
пен
нефроздық
синдромдар кездерінде нефрон шумақтарындағы тіректік
мембраналардың өткізгіштігі жоғарылайды. Осыдан соңғы
несепте
нәруыздар
мен
эритроциттер
пайда
болады.
Эритроциттердің зәрде пайда болуын гематурия деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: