Жалпы нозология- ауруды зерттейтін ілім. Ауру денсаулықтан ерекшеленетін жағдайларды айта кетсек- 1.ол ауру тудыратын эндогендік және экзогендік себепкер ықпалдардан дамиды. 2. ол ағзалар мен тіндердегі зат алмасу және функциялық өзгерістердің пайда болуынан көрінеді. Бұл өзгерістер ағзаның бүліністерімен және бұзылған функциялардың теңгерілуімен қабаттасады. 3. ол қоршаған ортаның өзгеріп тұратын ықпалдарына организімнің бейімделу мүмкіншіліктерін шектейді 4. ол организмнің рухани және күш-қуат жұмсау қажеттілігін, мұқтаждықтарын өтеу мүмкіншілігін, еңбекке қабілеттілігінің азаюымен байқалады. 5. ол адамның көңіл күйін, күш қуатының сәтсіздігіне әкеледі. Яғни ауру дегеніміз - организімнің бұзылыстары, қоршаған ортаға бейімделу мүкіншілігінің шектелуі, биологиялық әлеуметтік мұқтаждықтықтарын өтей алмайтын жаңа сапалы жағдайын айтады. Сонымен қатар ауру түсінігі дерттік серпіліс, дерттік үрдіс, дерттік жағдай деген түсніктерге жақын тұрады.
Дерттік серпілісдегеніміз - организмнің н\е оның кейбір жүйелерінің әдеттегі н\е ауру тудыратын қоздырғыштарға мәнсіз н\е сәйкессіз жауап қайтаруы. Мысалға, адамның шаңға н\е т.б. заттарға түшкіріп, көзінен жас ағып жауап қайтаруы. Кейбір адамдардың дәрінің әсеріне анафликациялық сілейме дамиды.
Дерттік үрдіс- бұл дерттік серпіліністердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба жатады.
Дерттік жағдай - бұл өте сылбыр дамитын дерттік үрдіс н\е оның салдары. Мысалға, тері мен шелмай өзектерінің қабынуы дерттік үрдіс болады. Осы қабынудың нәтижесінде организімде көптеген жыл сақталатын тыртық пайда болады. Тыртық сылбыр өтетін дерттік жағдай.
Ауру деп айту үшін оның үш түрлі нышандары болуы тиіс. 1. Тұлғалық әйгіленім"субъективтік симптомдар" н\е науқастың өзін-өзі сезінуі 2. Дерттің объективтік симптомдары 3.Қоршаған ортаның ықпалдарына науқас адамдардың бейімделу мүмкіншіліктерінің шектелуі... Осы үш нышан бірге қабаттасып аурудың бойында болғанда ғана оны ауру деуге болады.
Аурулардың жіктелу негіздері пайда болу себептеріне қарай; туа біткен, жүре пайда болған деп бөлінеді. Даму жолдарына қарай; тектік, аллергиялық, қабынулық, зат алмасулық, өспелік, жүйкелік- реттелулік, жүйкелік- дистрофиялық деп бөлінеді.
Даму жылдамдығымен көріну қарқынына қарай; қауырт, жіті, жітілеу, созылмалы ауруларға жатады. Қауырт ауру 4 тәулік ішінде, жіті ауру 5-14 күнде, жітілеу ауру 15-40 күн аралығында, созылмалы ауру бірнеше ай жылдар бойы өтеді
Аурудың өтуі үш кезеңге бөлінеді; аурудың басталу кезеңі яғни ауруалды жағдай, аурудың айқындалу кезеңі, аурудың аяқталуы мен салдары. Ауруалды жағдай- қоршаған ортаның өзгерістеріне адм бейімделе алмай, сәйкес сауықтыру шараларының болмауынан адам ауыра бастайтынын айтады. Бұл кезең жасырын және аурудың басталу сатыларынан тұрады. Жасырын саты ауру туындататын ықпалдан бастап аурудың алғашқы клиникалық көріністеріне дейінгі ұзақ уақытқа созылады.
Аурудың айқындалу кезеңінде барлық клиникалық симптомдар айқын байқалады. Олар дамыған ауруларға тән арнайы және көптеген ауруларға жалпылама бейнақты болып ажыратылады. Аурулардың симптомдары объективтік ж\е субъективтік болады.
Аурудың аяқталуы мен салдары көбінесе сауығумен аяқталады. Сауығу- науқас адамның бұзылған ағзаларының қалпына келуімен қатар қоршаған ортаның өзгерістеріне бейімделу мүмкіншіліктерінің орнына келуі.