Дерттік үрдіс бұл дерттік серпіліністердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба жатады. Дерттік жағдай



бет3/9
Дата22.05.2022
өлшемі172,99 Kb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
патфиз

Патогенез
Патогенез- аурудың даму жолдарының жалпы заңдылықтарын, оның өтуі мен салдарларын зерттейтін ілім. Ол аурудың этиологиясымен тығыз байланысты. Бұл кезде дене мүшелерінің кез-келген бөлшектерінде ағзаның себепкер ықпалмен өзара әсерлері нәтижесінде алғашқы бүліністер пайда болады. Бұл бүліністерге ағзадан жауап ретінде қорғану икемделу үрдістері дамиды. Аурудың дамуы кезінде бүліну ж\е қалпына келу үрдістері тығыз байланыста ж\е өзара әсер етуде болады. Қорғану-икемделу жолдары ауруға ағзаны азды-көпті бейімдеп тұрғанда аурудың теңгерілген сатыса болса, кейін оның жеткіліксіздігі кезінде аурудың теңгерілмеген сатысы дамиды. Патогенездің негізгі және ең жалпы заңдылығы өзі-өзі дамыту, өзін-өзі реттеу заңдылығы болып табылады. Аурудың өзін-өзі дамыту ж\е реттеу жолдарындағы себеп салдарлық арақатынастарда кері айналып соғу шеңбері қалыптасуының маңызы үлкен. Кері айналып соғу шеңбері- деп аурудың себеп салдарлық арақатынастарындағы бір салдардың, кері айналып келіп, бастапқы бір себепті одан сайын күшейтуін айтады. МЫСАЛ, жарақаттық сілейме даму жолдарында артериялық қысым төмендеуінен дамитын гипоксия жүрек етінде заттардың алмасуын бұзып, оның атқаратын қызметін өзгертеді. Содан артериялық қысымның төмендеуі ж\е майда қан айналымның бұзылыстары күшейеді. Осындай жағдай мидың гипоксиясынан қан тамырларының қимылдық орталығының тежелуі күшейіп, артериялық қысымның деңгейін одан сайын төмендетеді. АЛ ол гипоксия дамуын ары қарай күшейтеді.
Аурудың даму жолдарындағы себеп-салдарлық арақатынастардың ішіндегі ең маңыздысы тізбегін патогенездің негізгі тізбегі дейді. Мысалы, жоғарыда келтірілген жарақаттық сілейменің негізгі тізбегі болып ауыру сезімі болып есептеледі. Сондықтан оны емдеу үшін ауыру сезімін басатын дәрілер қолданады.
Биіктік ауруы
Демалатын ауада барометрлік қысым төмендегенде оттегінің үлестік қысымы азаюдан биіктік ауру дамиды. Негізгі себебі организмге оттегінің жетіспеушілігі, содан қанның оттегіге қанықпауы есептеледі. Бұндай жағдай биік тауға шыққан адамдарда болады. Биіктік ауруы өте тез дамиды ж\е ағзаның тым ауыр бұзылыстарына әкеледі. Бұл ауру кезінде адам өзінің жағдайын дұрыс бағаламай, ешбір ауру белгілеріне шағым айтпайды және алғашқы секунд- минутта есінен танады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет