Дерттік үрдіс бұл дерттік серпіліністердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба жатады. Дерттік жағдай



бет2/9
Дата22.05.2022
өлшемі172,99 Kb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
патфиз

Этиология
Этиология дегеніміз аурудың пайда болу себебін анықтайтын ілім. Ауруды туындатқан себепкер ықпалды анықтайды. Ауру көптеген ықпалдардың бірігіп әсер етуінен дамиды. Ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның және ұдайы дамып тұратын адам ағзасына әсер ететін ықпалдар бір бірін күшейтіп н\е әлсіретіп отырады. Мәселен іш сүзегі, оба тб аурулары жазда көп кездессе, қыста тұмау, бөртпе, сүзек көп кездеседі.
Ауру туындауында көптеген ықпалдардың болғанымен оларды себепкер ықпал ж\е ауру туындауына қолайлы септік жағдайлар деп ажырату маңызды. Себепкер ықпал-деп ауру дамуында міндетті болатын және сол ауруға тән арнайы симптомдарды айқындайтын ықпалды айтады. Мысал, туберкулез тек Кох таяқшаларының әсерінен дамиды ж\е тек туберкулезге тән симптомдарды көрсетеді.
Мына жағдайларда; -әсер ететін ықпал ауру дамуының алдында болғанда, -әсер еткен ықпалдың қарқынымен дерттің ауырлығы арасында пара-парлық байланыс болғанда, -әсер еткен ықпалдың көмегімен тәжірбиелік жануарларда аурудың үлгісін алуға болғанда- ауру дамуына себепкер ықпал деуге болады. Барлық ауру туындататын себепкер ықпалдар сырттан әсер ететін-экзогендік және ағзаның өзінде болатын эндогендік болып екіге бөлінеді.
Экзогендік себепкер ықпалдарға; физикалық, биологиялық(вирустар тб), химиялық, механикалық(жарақат), әлеуметтік(психогендік) ықпалдар жатады.
Эндогендік себепкер ықпалдарға; ағзаның тектік ерекшеліктері, қоздырғыштарға жауап қайтаруы мен дене бітімінің айырмашылықтары, жүйкенің ж\е эндокриндік реттелудің бұзылыстары, иммундық жүйенің өзгерісі, зат алмасу үрдісінің бастапқы бұзылысы жатады.
Себепкер ықпал әрдайым қоршаған ортаның және организмнің өзінің белгілі жағдайларында әсер етеді. Бұл жағдайлар дерт туындауына қолайлы немесе одан сақтандыратын болып бөлінеді.
Ауру туындауына қолайлы жағдайларға; қатты шаршау, асқа жарымау, суық тию, қартаю, тұқым қуалаушылыққа бейімділігі, улы заттармен ластану жатады.
Сақтандыратын жағдайларға; салауатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, таза ауаға жиі шығып тұру тб жатады.
Себепкер ықпалға қарсы бағытталған алдын-ала сақтандыру, емдеу шараларын этиотроптық профилактика не терапия деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет