Дерттік үрдіс бұл дерттік серпіліністердің күрделі жиынтығы. Типтік дерттік үрдістерге қабыну, қызба жатады. Дерттік жағдай


Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігі



бет9/9
Дата22.05.2022
өлшемі172,99 Kb.
#144483
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
патфиз

40. Бүйректің жіті және созылмалы жеткіліксіздігі, Этиологиясы. Бүйрек қызметініц жіті жеткіліксіздігі (БЖЖ) көптеген себептерден пайда болуы мүмкін.
Бүйрекалдылық себепкер ықпалдарға:- қан тамырларының сілейме, коллапс кездеріндегі жіті жеткіліксіздіктері;- организмнің сусыздануы;-бұлшықеттердің жаншылудан, жүрек етінің өлеттенуінен артық ыдырап кетуі, миолиз дамуы;-эритроциттердің өртүрлі себептерден артық гемолизі т.с.с. жатады.Бүйректік ықпалдарға:- бүйрек тінін тікелей бүліндіретін ауыр металдар, улы химиялық заттар, дәрілер (антибиотиктер, сульфаниламидтер,барбитураттар т.б.), саңырауқүлақтар мен жылан улары, анаэробты жүқпалар жіті гломерулонефриттер мен пиелонефритте бүйрек тамырларының тромбозы мен эмболиясы т.б. жатады.Бүйректен кейінгі несеп жолдарының таспен тез бітеліп қалуы бүйрекқызметінің жіті жеткітіксіздігін туындатады.Патогенезі. БЖЖ даму жолдарында көпшілік себепкер ықпалдардың әсерлерінен бүйректің, әсіресе сыртқы қабатында, кан айналымының бүзылыстары, ишемия дамуының маңызы өте үлкен. Ишемия айналымдағы қан көлемінің азаюынан, бүйрек шумақтарына енетін артериолалардың қатты жиырылып қалуынан немесе тамыр ішінде шашыранды қан ұю синдромы дамуынан байқалады. Ишемияның нәтижесінде шумақ қылтамырларында қан қысымы төмендеуден несептің сүзілуі азаяды. БСЖ бүйрек нефрондарының біртіндеп тіршілігін жоғалтудан, олардың орнына дәнекер тіндердің өсіп-өнуінен дамиды.Этиологиясы. БСЖ-іне өкелетін себепкер ықпалдарға:- бүйректің созылмалы аурулары: созылмалы гломерулонефрит, пиелонефрит, бүйректің поликистозы, нефросклерозы, туберкулезі т.б.;- қан тамырларының атеросклерозы, гипертензиялық ауру.— қантты диабет, амилоидоз, подагра т.б. дерттер кездеріндегі зат алмасуларының бұзылыстары т.с.с. жатады.Патогенезі. Созылмалы дерттердің нәтижесінде бүйректе қызмет атқаратын нефрондардың азаюынан бүйрек қызметінің біртіндеп, қайтымсыз бүзылуы байқалады. Оның бұзылу дәрежесіне карай БСЖ үш сатыға ажыратады.Уремия-Зат алмасуларының әртүрлі бүзылыстарымен, организмде көптсген уытты заттардың жиналып қалуымен және ішкі ағзалардың құрылымы мен қызметтерінің бүзылыстарымен көрінетін, бүйрек кызметінің ауыр жеткіліксіздігінен дамитын синдром.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет