Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Нефрон өзекшелері қызметтерінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет542/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Нефрон өзекшелері қызметтерінің бұзылыстары.
Бүйрек 
өзекшелерінің 
бұзылыстары 
таза 
күйінде 
болмайды. 
Олардың 
қызметтері 
нефрон 
шумақтарының 
қызметтерімен 
тығыз 
байланысты. 
Сондықтан 
нефрон 
өзекшелері мен шумақтарының бұзылыстары жиі бірігіп 
кездеседі. Дегенмен, бүйрек өзекшелерінің бұзылыстарына 
тән өзгерістер болады. Сол себепті оларды шартты түрде 
болса да, ажыратудың маңызы бар. 
Бүйрек өзекшелерінің бұзылыстарын 
тубулопатиялар
(лат. 
tuba - түтік, өзек; гр. pathos - дерт) дейді. Олар туа 
біткен және жүре пайда болған болып ажыратылады. 
Туа біткен тубулопатиялар әртүрлі тұқым қуатын гендік 
ақаулардың нәтижесінде бүйрек өзекшелерінде заттардың кері 
сіңірілуін 
және 
секрециясын 
қамтамасыз 
ететін 
ферменттердің болмауынан немесе олардың белсенділігі аз 
болуынан дамиды. 
Сонымен бірге, гендік ақаулардан нефрон өзекшелерінің 
эпителий жасушаларында гормондарды қабылдайтын рецепторлар 
болмауы мүмкін. Содан олар антидиурездікгормонға немесе 
әлдостеронға жауап қайтармайды. 
Жүре пайда болған тубулопатиялар мына жағдайларда 
дамуы мүмкін: 
● 
бүйрек 
өзекшелеріндегі 
эпителий 
жасушаларының 
құрылымдық 
(дистрофиялық, 
некроздық, 
қабынулық) 
бүліністерінен; мәселен, бүйректе қанайналым немесе зат 
алмасуларының бұзылыстарынан, улы химиялық заттар мен 
микробтардың 
әсерлерінен 
онда 
құрылымдық 
бүліністер 
дамиды; 
● дәрі-дәрмектердің, улы заттардың әсерлерінен бүйрек 
өзекшелерінде заттардың кері сіңірілуін қамтамасыз ететін 
ферменттердің белсенділігі төмендеуінен; 


646
● бүйрек өзекшелерінде заттардың кері қанға сіңірілуін 
қадағалайтын 
гормондардың 
(әлдостерон, 
вазопрессин) 
түзілуі мен секрециясы бұзылыстарынан
● кері сіңірілетін заттардың (глюкозаның, нәруыздардың 
т.с.с.) 
алғашқы 
несепте 
тым 
көп 
болуынан 
бүйрек 
өзекшелеріндегі 
эпителий 
жасушаларының 
қызметі 
қалжырауынан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   538   539   540   541   542   543   544   545   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет