Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


♣ бүйректің беріштенуі т.т. жатады.  Бүйректен кейінгі себепкер ықпалдарға



Pdf көрінісі
бет535/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

636
♣ бүйректің беріштенуі т.т. жатады. 
Бүйректен кейінгі себепкер ықпалдарға
зәр жүретін 
жолдарының таспен, қуық асты безінің өспесімен т.т. 
тарылып, бітеліп қалуы жатады. 
Бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі несеп құрылуы мен 
оның сыртқа шығарылуының бұзылыстарымен көрінеді. 
Несеп құрылуы үш түрлі үрдістердің қатысуымен болады. 
Біріншісі, нефрон шумақтарында қан қылтамырлары арқылы 
несептің сүзілуі (ультрафильтрациясы), екіншісі, бүйрек 
өзекшелерінде алғашқы несептен кейбір заттардың қанға кері 
сіңірілуі 
(реабсорбциясы) 
және 
үшіншісі, 
бүйрек 
өзекшелерінің эпителий жасушалары арқылы кейбір заттардың 
соңғы несепке шығарылуы (секрециясы) (-сурет). 
Сол себептен бүйрек қызметінің бұзылыстары нефрон 
шумақтарының, 
нефрон 
өзекшелерінің 
қызметтері 
бұзылыстарымен, 
жиі 
олардың 
біріккен 
бұзылыстарымен 
байқалады. 
Диурездің бүзылыстары.
Несептің сыртқа шығарылуы диурез делінеді. Тәулігіне 
ересек адам 1,5 л-дей зәр шығарады. Оны тәуліктік диурез 
деп атайды. 
Тәуліктік диурездің өзгерістері: 
● полиурия - несеп шығарылуының тәулігіне 2-15 литрден 
астам көбеюі; 
● олигурия зәр шығарылуының тәулігіне 500-600 мл-ге 
дейін азаюы; 
● анурия несеп шығарылуының болмауы немесе тәулігіне 
50-100 мл-ге дейін тым қатты азаюы; 
● поллакиурия (грек. pollakis – жиі) несептің жиі 
шығарылуы; 
● олакизурия (грек. ollakis – сирек) несептің сирек 
шығарылуы; 
● никтурия (грек. nyctos - түн) несептің түнде көп 
шығарылуы - деп ажыратылады. 


637
- сурет. Несеп құрылу жолдары (Artur C. Guyton, John E Hall 
,1996 бойынша).
Нефрон шумақтарынық біртектес бұзылыстары.
Нефрон 
шумақтарының 
бұзылыстары 
несеп 
сүзілудің 
өзгерістерімен көрінеді. Оларда несептің сүзілуі: 
● пәрменді сүзілулік қысымның деңгейінен
● тіректік мембраналар мен Боумен қапшығының эпителий 
жасуша-ларының (подоциттердің) өткізгіштігінен; 
● сүзгілік бетінің мөлшерінен немесе қызмет атқаратын 
шумақтардың санынан байланысты. 
Бүйрек арқылы минөтіне 1200 мл-дей қан өтеді. Оның 80-
90%-ы бүйректің сыртқы қыртысы, 10-20%-ы милық қабаты 
арқылы ағады. Бүйректін сыртқы қыртысында шумақтар арқылы 
зәр сүзілу болса, милық қабатындағы қан ағымы аралық 
тіндерде осмостық қысымды реттеп, нефрон өзекшелерінен 
заттардың кері сіңірілуін қадағалайды. 
Бүйректің сыртқы қыртысында қан ағымы, жүйелік қан 
қысымының с. б. б. 70-180 мм аралығында толқуына қарамай, 
тұрақты деңгейде ұсталып тұрады. Ол өзін-өзі реттеу 
жолымен реттелінеді. Мәселен, бүйрек артериясында қысым 
көтерілгенде бүйрек ішіндегі артериолалардың тегіс еттері 
жиырылып, бүйрек шумақтарына келетін қанды азайтып, шектеп 
тұрады. Керісінше, бүйрек артерияларында қан қысымы 
төмендегенде 
артериолалардың 
тегіс 
еттері 
босаңсып, 
олардың 
ішкі 
саңылауларын 
кеңітеді. 
Осылай 
бүйрек 
шумақтары арқылы қан ағымын тұрақты деңгейде ұстап тұрады. 
Бүйрек артериясында қан қысымы с. б. б. 70 мм-ден 
төмен түсіп кетсе, шумақтардың жанындағы жасушаларда ренин 
өндірілуі көбейеді. Ренин ангиотензин І-ді ангиотензин II-
ге айналдырьш, бүйрек артериясын жиырады. Осыдан қан 
қысымы көтеріледі. Ангиотензин II тым артық өндіріліп 
кетсе, бүйрек простагландиндер А, Е, Р және брадикинин, 
рениннің бәсеңсіткіштерін өндіреді. Содан бүйрек тамырлары 
кеңіп, қан қысымының тым көтеріліп кетуінен сақтандырады. 
Бүйректің милық қабатындағы қан ағымының деңгейі 
жүйелік қан қысымының деңгейінен тікелей байланысты. Сол 
себептен 
жалпы 
артериялық 
қан 
қысымы 
көтерілгенде 
бүйректің милық қабатында қан ағу қарқыны жоғарылайды. 
Ондағы осмостық белсенді заттар қанмен тез тарап
тасымалданып кетеді. Осыдан нефрон өзекшелерінде судың 
кері қанға сіңірілуі азайып, полиурия дамуы мүмкін. 
Бүйрек 
шумақтарында 
несептің 
сүзілуі 
пәрменді 
сүзілулік қысымнан байланысты. Сүзілулік қысым (СК) шумақ 
қылтамырларының ішіндегі қан қысымына (ҚҚ), ондағы 
коллоидтық-осмостық қысымның деңгейіне (КОҚ) және (бүйрек 
шумақтарының 
сыртындағы) 
Боумен 
қапшығындағы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   531   532   533   534   535   536   537   538   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет