Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Вазобелсенді ішектік (интестиналдық) полипептид (ВИП)



Pdf көрінісі
бет531/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Вазобелсенді ішектік (интестиналдық) полипептид (ВИП). 
Бұл пептид 28 аминқышқылдарынан тұрады және ас қорыту 
жолдарының өңештен бастап, жел ішекке дейін барлық 
ұзындығында, 
орталық 
жүйке 
жүйесінде, 
өкпеде 
т.б. 
ағзаларда өндіріледі. ВИП асқазанның сөл бөлуін тежейді
ішектердің сөл бөлуін күшейтеді, ұйқы безімен судың және 
гидрокарбонаттардың бөлінуін ширатады. Сонымен бірге, ол 
ішектерде су мен тұздардың сіңірілуін азайтып, тағамдық 
қойыртпаның ішектердің ішінде жылжуын жақсартады. ВИП 
бронхиолаларды, қан тамырларын кеңітеді, аденогипофизбен, 
ұйқы 
безімен 
гормондардың 
(инсулиннің, 
глюкагонның, 
соматостатиннің) өндірілуін күшейтеді. 


633
ВИП артық өндірілуі 
випома
атты өспесі кезінде 
байқалады. Бұл өспе Вернер-Мориссон синдромын туындатады 
және ауыр ішек түйілулерімен, қатты іш өтумен, стеаторея; 
дегидратация, 
гипо-немесе 
ахлоргидрия 
дамуларымен 
көрінеді. Науқас адамда гипогликемия, гиперкальциемия, 
ацидоз, гипергликемия байқалады. Кейде артериялық қан 
қысымы төмендейді, тырыспа (тетания), өт қабының үлкеюі, 
тері бөртпелері байқалады. 
Р-заты. 
Бұл пептид 11 аминқышқылдарынан тұратын, мида, 
жұлында, гипоталамуста, қара затта өндіріледі. Ас қорыту 
жолдарында Р-заты мейсенер және Ауэрбах түйіндерінде, 
ішектердің еттерінде, шырышты қабықтың энтерохромаффиндік 
жасушаларында табылады. ОЖЖ-де бұл пептид жүйкелік 
медиатор болып есептеледі. Ол мида биогендік аминдердің 
алмасуын күшейтеді, ауыру сезімін азайтады. Ас қорыту 
жолдарында Р-заты ашішекте электролиттер мен судың 
сіңірілуін азайтады, ішкі ағзалардың тегіс еттерін 
жиырады, сілекей бөлінуін күшейтеді. Бұл пептидтің көбеюі 
ас қорыту жолдарының карцинома тәріздес өспелерінде 
байқалады және ауыр іш өтулеріне әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   527   528   529   530   531   532   533   534   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет