Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет528/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Ішек дисбактериозы.
Ішек дисбактериозы деп қалыпты микрофлораның ішектерде 
таралуы мен құрамының дерттік өзгерістерін айтады. Ол 
организмнің әлсіреуінде, антибиотиктерді бақылаусыз жиі 
қабылдағанда дамиды. Осыдан тоғышекте тағамдық өнімдердің 
ашып кетуі, іріп-шіруі көбейіп, кетеді, ішектердің толқи 
жиырылулары артып, іш өтулер байқалады. Ішек дисбактериозы 
кезінде ішек пен бауыр арасында өт бөлшектерінің 
оралымдары бұзылады, кейбір витаминдердің (К-витаминнің) 
ішекте түзілуі азаяды. 
Ішек дисбактериозын емдеу үшін И. И. Мечников сүт 
қышқылы бактерияларын ұсынды. Бұл бактериялар адамның 
ішектерінде 
бейімделіп, 
өсіп-өнеді 
де, 
басқа 
ауру 
туындататын бактериялардың өсіп-өнуін тежейді. 
Ішек-қарынның ішке сөлденістік (инкрециялық) 
әрекеттерінің бұзылыстары. 
Ас қорыту жолдарында, ұйқыбезде АПУД- (ағылш. – amine 
precusor uptake decarboxilation - амин құрушыларының артық 
декарбоксилдену) жүйесі бар. Биогендік аминдерді және 
әртүрлі 
пептидтік 
гормондар 
өндіретін 
жасушаларды 
апудоциттер
деп атайды. Бұл апудоциттердің ішінде Ес-
жасушалары (энтерохромаффин жасушалары) биогендік аминдер-
серотонин, мелатонин, пептидтік гормондар-мотилин, Р-затын 
өндіріп жинақтайды. 
Бұлардан басқа ас қорыту жолдарында А-, Д-, Ед-, С-, 
К-, 
М-, 
Р- 
т.б. 
түрлес 
20-дан 
астам 
жасушалар 
полипептидіік гормондар өндіреді. Солардың ішінде инсулин, 
глюкагон, 
гастрин, 
вазобелсенді 
ішектік 
полипептид, 
соматостатин, Р-заты, холецистокинин — панкреозимин, 
мотилин азды-көпті зерттелген. 
Апудоциттердің құрылымы мен әрекеттері бұзылыстарымен 
көрінетін дерттік жағдайларды 
апудопатиялар
деп атайды. 
Пайда болу себептеріне қарай апудопатиялар туа біткен және 
жүре пайда болған болып ажыратылады. 
Туа біткен апудопатияларға ұрпаққа аутосомды-үстем 
түрде берілетін дерт Вернер-Андердейл синдромы немесе 


631
көптеген эндокриндік аденоматоздар жатады. Бұл дерт 
кезінде глюкагон немесе вазобелсенді ішектік полипептид 
өндіретін ұйқы безі жасушаларының көптеген қатерлі және 
қатерсіз 
өспелері 
аденогипофиз 
бен 
қалқанша 
серік 
бездерінің 
қатерсіз 
өспелерімен 
қабаттасады. 
Осыдан 
пептидтік 
ойық 
жара, 
іш 
өту, 
гипогликемия 
және 
гиперпаратиреоз дамиды. 
Жүре пайда болған апудопатиялар жүрек-қантамырлар, 
жүйке 
жүйелерінің 
ауруларында, 
жұқпалы 
организмнің 
уыттануы 
кездерінде, 
туа 
біткен 
зат 
алмасуларының 
бұзылыстарында, өспе өсу кездерінде т.б. жағдайларда 
дамиды. 
Апудоциттердің 
функциялық 
ерекшеліктеріне 
қарай 
апудопатияларды 
гиперфункциялық, 
гипофункциялық 
және 
дисфункциялық деп ажыратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   524   525   526   527   528   529   530   531   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет