Тағамның қуыстық ыдыратылуының бұзылыстары. Астың қуыстық ыдыратылуы негізінен ұйқы безінің
ферменттерімен және өтпен қамтамасыз етіледі. Осыған
байланысты оның бұзылыстары ұйқы безінің сөлі мен өттің
ішекке түсуі бұзылыстарынан болады.
Ашішектің ең бір маңызды бөлігі болып ұлтабар
есептеледі. Оған ұлтабардың өз без жасушаларынан және
ұйқыбезден сөлдер және бауырдан өт түседі. Ұлтабардың
өзінде көптеген пептидтік реттегіш гормондар өндіріледі.
Оларға
секретин,
холецистокинин,
мотилин,
қарынның
қызметін бәсеңсітетін - гастроингибициялық полипептид, қан
тамырларына белсенді әсер ететін ішектік полипептид т.б.
жатады. Бұлар ас қорыту жүйесінің өзара байланысқан
қызметін қамтамасыз етеді. Бұл пептидтердің өндіріліп
шығарылуы бұзылыстарының себептері мен механизмдері әлі
толық зерттелмеген. Ал, олардың бұзылыстарында ас қорыту
жолдарының өзара байланысқан жұмыс атқару мүмкіншіліктері
бұзылатыны күмән тудырмайды.
Асгың
қуыстық
ыдыратылуының
бұзылыстары
ішекке
бауырдан өт түспегенде (ахолия кезінде) немесе аз түскенде
(гипохолия кезінде) байқалады. Ішекке өттің аз түсуі
бауырлық
сарғыштану,
ал
мүлде
түспеуі
механикалық
сарғыштану кездерінде болады. Сонымен бірге, өттің бауырда
аз өндірілуі және оның ішекке аз түсуі ашығу, симпатикалық
жүйкелердің қозуы, ұлтабарда холецистокининнің, мотилиннің
аз өндірілуі кездерінде байқалады,
Ахолияның
нәтижесінде
ішекте
барлық
қоректік
заттардың,
әсіресе
майлардың,
қорытылуы
бұзылады.
Майлардың өт қышқылдарымен өңделуі болмағандықтан оларға
ұйқы безінде өндірілетін липаза ферментінің әсері азаяды.
Сонымен
қатар
өт
ішекке
түспегендіктен
липазаның
белсенділігі төмен болады. Тағаммен түскен майлардың 70-
80%-дан астамы үлкен дәретпен шығарылады Осындай жағдайды