619
Патогенезі.
Бұл
аурудың
патогенезін
түсіндіруде
ферменттік қағида кең тараған. Себепкер ықпалдардың
әсерлерінен ұйқыбез сөлі артық өндірілуінің және оның
ішекке түсуі бұзылуының маңызы үлкен. Осының нәтижесінде
ұйқыбез өзектерінде оның сөлі іркіліп қалғандықтан қысым
көтеріледі, оған өт пен ұлтабардың сөлі (онымен бірге
энтерокиназа ферменті) түсуі мүмкін. Бұлар ұйқыбезінің
протеолиздік және басқа гидролиздік ферменттерін (трипсин,
химотрипсин,
эластаза,
липаза,
фосфолипаза
т.с.с.)
әсерлендіреді. Сондықтан бұл ферменттер ұйқыбез тінін
ыдыратып, онда ісіну, некроз туындатады. Ұйқыбезінде
калликреин трипсинмен әсерленіп, өте белсенді пептид
каллидин құрады. Ол брадикининге ауысады. Трипсиннің
әсерінен ұйқыбезде гистамин мен серотонин пайда болады.
Трипсин қанға түсіп Хагеман факторы мен плазминогенді
әсерлендіреді де қан ұюы мен фибринолиз үрдістерін
өзгертеді. Осыдан тамыр ішінде шашыранды қан ұю синдромы
дамуы мүмкін.
Жоғарыда көрсетілген биологиялық белсенді заттардың
және
ұйқыбезі
ферменттерінің
қанға
түсуі
жалпы
қанайналымның
ауыр
бүліністеріне,
ұйқыбездік
(панкреатикалық) коллапс дамуына әкеледі. Осыдан қан
тамырлары алдымен қатты жиырылады, артынан кеңиді, тамыр
қабырғаларының
өткізгіштігі
көтеріледі,
ағзалар
мен
тіндерде қанайналымының жылдамдығы баяулайды, қанның сұйық
бөлшегі және қан нәруыздары мен жасушалары айналасындағы
тіндерге шығады. Сірнелі, қанағыш және араласқан қабынулар
дамиды, ұйқыбезде және іш қуысында көп қан кетулер болады.
Ішкі ағзаларда (жүрек, өкпе, бауыр т.б.) қанайналымы
бұзылыстарынан дистрофиялық, некроздық өзгерістер пайда
болады.
Созылмалы панкреатиттің патогенезінде ұйқы безінде
қанайналым бұзылыстарына (атеросклероз, гипертензиялық
ауру) және аутоаллергиялық ықпалдарға үлкен мән беріледі.
Организмде протеолиздік ферменттердің бәсеңсіткіштері
(ұйқыбезде,
сілекей
безінде,
өкпеде)
өндіріледі.
Панкреатит
даму
жолында
осы
бәсеңсіткіштер
мен
протеолиздік ферменттердің арақатынасы өзгеруінің маңызы
бар. Сондықтан клиникада панкреатиттерді емдеу үшін
протеолиздік ферменттердің бәсеңсіткіштері (ингитрил,
контрикал, трасилол т.б.) кеңінен қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: