607
- сурет. Асқазанда тұз қышқылы өндірілу жолдары (Joseph M.
Henderson, M. D. бойынша).
Гиперсекреция мен гиперхлоргидрия кездеріндегі
асқазандағы ас қорытылудың өзгерістері.
Гиперсекреция мен гиперхлоргидрия кездерінде асқазан
сөлінің артық қышқылдығы белгілі мөлшерде теңгеріліп
тұрады. Ол үшін асқазанның мукоциттері сілтілік реакциясы
бар шырыш өндіреді. Шырыш
асқазан қуысынан қышқылдың
эпителий
жасушаларға
өтіп
кетуінен
сақтандыратын
тосқауылдық қызмет атқарады және ондағы гидрокарбонат
аниондерымен тұз қышқылын бейтараптайды. Сонымен бірге тұз
қышқылының артықтығы гастриннің өндірілуін тежеп, өзін-өзі
азайтады.
Сөлдің қышқылдығы артуы асқазанның шырышты қабығындағы
лаброциттерді
түйіршіксіздендіріп,
асқазан
сөлінде
гистаминнің көбеюіне әкеледі.
Гистамин қан тамырларының
өткізгіштігін көтеріп, қанның сұйық бөлшегін және қан
нәруыздарын тамыр сыртына шығарады. Осыдан тамырдан шыққан
сүйық қышқылды сұйылтып, қан нәруыздары
өздерінің буферлік
қасиетімен сутегі иондарын бейтараптайды.
Осы көрсетілген теңгеру тетіктері жеткіліксіз болса
немесе асқазан сөлінің қышқылдығы тым көп болса, соңғысы
тұрақтанып қалады да, сөлдің ферменттік қасиеті қатты
көтеріліп кетеді. Бұл кезде ұлтабарға асқазаннан түскен
тамақ қойыртпасы тым қышқыл болғандықтан онда оны
бейтараптауға ұзақ уақыт қажет болады. Сондықтан қарынның
пилорустық қыспағы ұзақ мерзім жабық тұрады.
Осыдан
608
асқазанда тағам тұрып қалады да, оның ашып кетуі
байқалады. Асқазанның қышқыл өнімдері өңешке өтіп, төс
астында
қыжыл сезіміне, кекіру кейде құсуга әкеледі.
Өңештің шырышты қабығы қышқыл өнімдермен жиі түйісуден
оның қабынуы (эзофагит) дамып, онда жалақ жара (эрозия)
артынан ойық жаралар дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: