680
гипертензияның патогенезінде маңызды орын алады.
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы.
Жүйке
жүйесінің
бұзылыстарына
әкелетін
себепкер
ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа
бөлінеді.
Экзогендік себепкер ықпалдарға:
●
микробтар мен вирустар және олардың уыттары;
●
химиялық улы заттар (ауыр металдар, этил немесе
метил спирттері т.б.), кейбір дәрі-дәрмектер (стрихнин,
хлороформ, кураре, антидепрессанттар, транквилизаторлар
т.б.), ауада оттегінің тапшылығы;
●
физикалық ықпалдар (барометрлік қысым, иондағыш
сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, элекгр ағымы,
электромагниттік толқындар т.б.);
●
механикалық ықпалдар (бас жарақаты, ми шайқалысы);
●
психогендік ықпалдар (жан-күйзелістері, жағымсыз
эмоциялар);
●
ауқаттық
ықпалдар
(тағамда
нәруыздардың,
витаминдердің тапшылықтары) - жатады.
Жүйке жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында
витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында
нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін.
Адам үшін сөздің маңызы өте үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: