Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эндокриндік бұзылыстардың эндокриндік емес аурулардың



Pdf көрінісі
бет572/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эндокриндік бұзылыстардың эндокриндік емес аурулардың 
патогенезіндегі маңызы.
Организмнің 
гормондық 
тепе-теңдігінің 
бұзылуы 
эндокриндік емес аурулардың пайда болуына, дамуына қолайлы 
жағдай жасайды. Мәселен, салыстырмалы немесе шынайы 
кортикостероидтардың жеткіліксіздігі құздама (ревматизм), 
бронхиялық 
демікпе 
дамуына 
әкелуі 
мүмкін. 
Глкжокортикоидтық 
гормондардың, 
әлдостеронның, 
катехоламиндердің 
артық 
өндірілуі 
артериялық 


680
гипертензияның патогенезінде маңызды орын алады. 
 
Жүйке жүйесінің патофизиологиясы
Жүйке жүйесі бұзылыстарының этиологиясы. 
Жүйке 
жүйесінің 
бұзылыстарына 
әкелетін 
себепкер 
ықпалдар экзогендік және эндогендік болып екі үлкен топқа 
бөлінеді. 
Экзогендік себепкер ықпалдарға: 
● 
микробтар мен вирустар және олардың уыттары; 
● 
химиялық улы заттар (ауыр металдар, этил немесе 
метил спирттері т.б.), кейбір дәрі-дәрмектер (стрихнин, 
хлороформ, кураре, антидепрессанттар, транквилизаторлар 
т.б.), ауада оттегінің тапшылығы
● 
физикалық ықпалдар (барометрлік қысым, иондағыш 
сәулелер, ыстық немесе суық температуралар, элекгр ағымы, 
электромагниттік толқындар т.б.); 
● 
механикалық ықпалдар (бас жарақаты, ми шайқалысы); 
● 
психогендік ықпалдар (жан-күйзелістері, жағымсыз 
эмоциялар); 
● 
ауқаттық
 
ықпалдар 
(тағамда 
нәруыздардың, 
витаминдердің тапшылықтары) - жатады. 
Жүйке жүйесінің бұзылыстары адамның ішетін тағамында 
витаминдердің аздығынан, әсіресе жас балалардың тамағында 
нәруыздардың (протеиндердің) жетіспеуінен дамуы мүмкін. 
Адам үшін сөздің маңызы өте үлкен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   568   569   570   571   572   573   574   575   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет