Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Эндокриндік бездердің қызметтерінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет569/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Эндокриндік бездердің қызметтерінің бұзылыстары. 
Эндокриндік 
бездердің 
қызметі 
төмендеуін 
гипофункциясы, жоғарлауын гиперфункциясы дейді. 
Бірақ, кейбір эндокриндік бездер бірнеше гормондар 
өндіреді. Меселен, гипофиз бірнеше троптық гормондар 
(АКТГ, СТГ, ТТГ, ГТГ т.б.), бүйрек үсті бездері 
глюкокортикоидтық, минералокортикоидтық, және жыныстық 
гормондар өндіреді. Осыған байланысты кейбір эндокриндік 
аурулар бездің барлық гормондары өндірілуі бұзылыстарымен 
көрінеді. Мәселен, аденогипофиздің некрозы, қабыну немесе 
қан құйылу нәтижесінде байқалады және оның барлық 
гормондарының өндірілуі тоқталады. Содан аденогипофиздің 
толық жеткіліксіздігі дамиды. Осындай ауруды 
Симмондс 
ауруы
дейді. Бұл кезде бүйрек үсті бездерінің сыртқы 
қабатының, қалқаншабездің, жыныстық бездердің қызметтері 
бұзылады, гипокортицизм, гипотиреоз, гипогонадизм дамиды. 
Өсу гормоны өндірілуі болмауынан зат алмасуларының 
бұзылыстары байқалады. 
Басқа эндокриндік бұзылыстарда жекелеген гормонның 
өндіріліп шығарылуы бұзылады. Мұндай жағдайды эндокриндік 
бездің үлестік гиперфункциясы немесе гипофункциясы деп 
атайды. Мәселен, аденогипофизде тек өсу гормонының 
өндірілуі жетіспеуінен балалардың бойы өсуі баяулайды, 
ергежейлілік дамиды. 
Сонымен қатар, эндокринопатиялар кездерінде бездердің 
дисфункциясы 
байқалады. 
Мәселен, 
туа 
біткен 
адреногениталдық синдром кезінде бүйрек үсті бездерінің 
сыртқы 
қабатында, 
стероидтар 
түзілуіне 
қажетті 
ферменттердің 
тежелуінен, 
кортизол 
өндірілуі 
қатты 


678
бұзылып, жыныстық гормондардың өндірілуі артып кетеді. 
Бездердің гипофункциясы
мына жағдайларда байқалады: 
● орталық реттелулерінің бұзылыстарынан; 
● гормон өндіріліп шығарылуы азаюдан
● гормондардың безден тыс жеткіліксіздігінен; 
● нысана-тіндердің гормонға сезімталдығы азаюынан 
(жоғарыдан қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   565   566   567   568   569   570   571   572   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет