Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Безде гормон өндірілуінің бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет565/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Безде гормон өндірілуінің бұзылыстары. 
Безде гормон 
өндірілуінің бұзылыстары туа біткен және жүре пайда болған 
себептерден дамиды. Туа біткен гормон өндірілуінің 
бұзылыстары гормон түзілуінің тектік ақауларынан болады. 
Туа біткен гормон түзілуінің бұзылыстары. 
Эндокриндік 
бездерде гормон түзілуі көптеген ферменттердің қатысуымен 
болатын көп сатылы, күрделі үрдіс. Ферменттердің түзілуі 
белгілі гендердің белсенділігіне байланысты. Сол себептен 
бұл 
гендердің 
мутациясы 
гормон 
өндіруге 
қатысатын 
ферменттердің түзілуін бұзады немесе өзгерген ферменттер 
түзілуін туындатады. Осыдан гормон өндірілуі бұзылады, 
бездің негізгі атқаратын қызметі әлсірейді, гормон 
өндірілу тізбегінде тежелу орнына дейінгі аралық өнімдер 
көбейіп, қанға түседі. Бұл аралық өнімдер басқа гормондық 
әсер етуі мүмкін. Сол әсерлеріне қарай әртүрлі дерттік 
өзгерістер дамиды. Толық гормондардың өндірілмеуінен 
немесе басқа биологиялық белсенді гормондар өндірілуінен
эндокриндік жүйенің өзін-өзі реттеуге қатысатын кері 
байланыс заңдылықтары өзгеріп, күтпеген дерттік үрдістер 
дамиды. 
Жүре пайда болған гормон түзілуінің бұзылыстары.
Әртүрлі 
уыттар-дың, 
дәрі-дәрмектердің, 
қоректенудің 
ерекшеліктерінен және гормон түзілуіне қажетті заттардың 
(йод, мырыш т.б.) тапшылығынан гормон өндірілуінің 


670
бұзылыстары байқалады. Мәселен, метирапонның әсерінен 
бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты гормондары өндірілуі 
бұзылады, гипокортицизм дамиды. Мерказолил қалқаншабез 
гормондары түзілуін азайтып, гипотиреоз дамытады. Тамаққа 
кәді (кабачки), тұрып (редька), шалқан (репа) тым артық 
пайдаланудан қалқаншабез гормондары түзілуі азаяды. 
Йод қалқаншабез гормондары түзілу үшін, мырыш жыныстық 
гормондар және инсулин түзілуіне қажетті заттар. Сондықтан 
йод 
тапшылығынан 
гипотиреоз, 
мырыш 
тапшылығынан 
гипогонадизм және инсулиннің жетіспеушілігі дамуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет