Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет563/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

адреногениталдық синдром
дамиды. Өйткені бұл 
аумақта андрогендік және эстрогендік қасиеттері бар 
жыныстық 
гормондар 
өндіріледі. 
Бұл 
кезде 
дамитын 
өзгерістер науқастың жынысымен, жасымен және өндірілетін 


668
гормондардың түрлерімен байланысты болады. Негізінен екі 
түрлі адреногениталдық синдром болуы мүмкін: 
● гетеросексуалдық – науқас адамның жынысына қарама 
қарсы жыныстың гормондары өндірілуінен; 
● изосексуалдық – науқас адамның өзінің жыныстық 
гормондарының тым ерте немесе артық өндірілуінен. 
Гетеросексуалдық адреногениталдық синдром әйелдерде 
жиі кездеседі. Бұл жагдайда, өспе биологиялық әсері 
бойынша еркектердің жыныс гормондарына сәйкес гормондарды 
(андростендион, 
андростерон) 
өндіреді. 
Өндірілген 
гормондар кері байланыс заңдылығы бойынша гипофизде 
өндірілетін гонадотропиндердің түзілуін тежейді. Осыдан 
аналық бездің және әйелдердің екінші жыныстық белгілерінің 
кері дамуы байқалады. Андрогендердің әсерінен әйелдерде 
еркектердің 
екінші 
жыныстық 
белгілері 
дамиды 
(маскулинизация): еркектерге тән сақал, мұрт өсе бастайды 
(вирилизм), әйелдердің етеккірі тоқтайды (аменорея). 
Без өспелерін өндірілетін гормондардың аттарына - ома 
деген жалғау қосып атайды. Мәселен, соматотропинома, 
тиреотропинома, кортикотропинома, инсулинома т.с.с. 
Кейде өспе бірнеше бездерде бірден өсуі мүмкін. 
Аденогипофизде, қалқаншасерік бездерде, ұйқыбезде бір 
мезгілде дамитын өспе кездеседі. Олардың біреуі немесе 
барлығы гормон өндіруі ықтимал. Демек, бұл аурудың 
клиникалық көріністері өндірілген гормондардың түрлеріне 
байланысты болады. Осындай өспе өсуінің мысалы ретінде 
Золлингер-Еллисон синдромын келтіруге болады. Бұл синдром 
кезінде ұлтабарда гастрин өндірілуі көбеюден, асқазанның 
қышқылдығы көтеріліп, онда ойық жара жиі дамиды. 
Кейбір жағдайларда басқа ағзаларда орналасқан өспе 
эндокрңндік бездерге метастаза таратуы мүмкін. Бұл 
метастазалар 
без 
тінін 
ығыстырып, 
оның 
қызметін 
әлсіретеді. Мәселен, емшектің обыр өспесі гипофиздің артқы 
бөлігіне метастаза таратып, қантсыз диабет дамуына 
әкеледі. Өкпенің обыр өспесі бүйрек үсті бездеріне, 
асқазанның обыры өспесі анабездерге метастаза таратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   559   560   561   562   563   564   565   566   ...   600




©engime.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет