115
сенімді – деп сипаттайды.
Қаны сұйықтыққа бейім
адамдарға өң-әлпеті әртүрлі,
көзі шатынап, терісіне симай әрнәрсеге соқтыққыш,
қараптан қарап тұрып ашушаң, басқаның сөзін аңдитын,
басынан сөз асырмайтын, болымсыз нәрсе үшін
өш алуға
бейім, төбелесуге жақын тұратын, артын ойламайтын адам –
деп сипаттама береді.
Қаны қоюлыққа бейім –
деп үйден көп ұзап шықпайтын,
үйкүшік, шілденің ыстығында үстінен киімін тастамайтын,
суық тисе жалпасынан түсетін, маңдайы жіпсіп терлесе ғана
жадырайтын, іс-әрекеттері аз адамдарды келтіреді.
Қаны буылмалыққа бейім
–
деп өң-әлпеті сұрғылт, көз
жанары солыңқы, көп көзге түспейтін, кенеттен талықсып,
есінен айырылатын адамдарды суреттейді.
Қаны уылмалылыққа бейім
адамдарды өңі аққудай, көз
жанары солыңқы, арық, бет әлпеті жып-жылтыр, бұлшықеттері
болбыр, жүріп тұруға еріншек,
даусы әлсіз, қан тамырлары
қанаса, оны тоқтату тым қиын болады – деп сипаттаған.
Осымен тоқтап қалмай, Өтекең бабамыз дене бітімінің
көптеген аралас түрлерін де келтіреді. Осы жіктеуді
Гиппократтың
жіктеуімен салыстыра отырып, Өтекеңнің
бірінші түрі флегматиктерге, екінші түрі сангвиниктерге,
үшінші түрі холериктерге, төртінші түрі меланхоликтерге
өте жақын келетінін байқауға болады. Ал соңғы екі түрлері
қояншық және гемофилия ауруларымен
ауыратын адамдарды
меңзейді.
Кейінгі жіктеулердің негізінде дене бітімінің тек
құрылымдық ерекшеліктеріне зор мән берілген. Мәселен,
француз ғалымы
Достарыңызбен бөлісу: