118
жіктеуінше сангвинник түріне сәйкес келеді.
● күшті, ұстамды, салмақты, ауыр мінезді адам, жүйке
жүйесінде қозу мен тежелу үрдістері күпггі болады. Бұл
адамдар жұмыста тындырымды, өзін-өзі ұстай біледі
(байсалды), бірақ тым салмақты, өзінің үйреншікті
әдеттерін аз өзгертетін немесе өзгертпейтін адамдар.
Гиппократтың жіктеуінше флегматиктерге сәйкес келеді.
● күшті, ұстамсыз, күйгелек, жүйке жүйесі күшті
адамдар. Олардың миында қозу процесі айқын басым, қимылы
тез болады. Тез арада қопарып көп жұмыс істей алады. Бұл
адамдар көп жағдайда шамасын білмей артық кетіп қалады.
Ашушаң, жеңіл мінезді, күйгелек, сабырсыз адамдар.
Гиппократтың жіктеуі бойынша холериктерге келеді.
● әлсіз, тұйық, сенгіш адамдар. Олардың жүйке
жүйесіндегі үрдістер тым әлсіз, нәзік. Қиындықтарга
төзімсіз, жұрттың айтқанына көнгіш, тез сенгіш, уайымшыл
адамдар. Гиппократ бойынша меланхоликтер.
Дерттік үрдістердің пайда болуы мен дамуына жоғарғы
жүйке жүйесінің ерекшеліктері ықпал жасайтынына көптеген
дәлелдер келтіруге болады. Мысалы, жоғарғы жүйке жүйесі
күшті, ұстамды иттерде эксперименттік неврозды алу өте
қиын, ал оны ұстамсыз немесе әлсіз жануарларда жеңіл
алуға болады. Тәжірибелерде алынған деректер бойынша өспе
ауруы дамуында жүйке жүйесінің ерекшеліктерінің ықпалы
бар екендігі анықталған.
Сонымен бірге И. П. Павлов адамдарды мынадай түрлерге
бөлген:
●
Достарыңызбен бөлісу: