117
Гиперстениялық дене бітімді адамдар зат алмасу
ауруларымен,
өт-тас ауруларымен, атеросклерозбен, жүрек-
қан тамырларының басқа да ауруларымен жиі ауыратыны
белгілі.
Астениялық дене бітімді адамдарда өкпе туберкулезі,
асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы,
гипотензия, Аддисон
ауруы т.б. жиі кездеседі.
Дегенмен жоғарыда келтірілген дене бітімінің түрлері
таза күйлерінде сирек байқалады. Олардың араласқан
түрлері жиірек кездеседі. Осыған байланысты организм
ағзаларын біріктіретін белгілі физиологиялық жүйелердің
ерекшеліктеріне қарай дене бітімдерінің жіктелулері пайда
болды. А. А. Богомолец осы негізде организмде дәнекер
тіндік физиологиялық жүйеге зор мән берді. Ол осы жүйенің
даму
ерекшелігіне
қарай
дене
бітімін
астениялық,
фиброздық, липоматоздық және пастоздық деп ажыратты.
Достарыңызбен бөлісу: