127
құрылымдық
және
функциялық
өзгерістер
байқалады.
Жасушалардың дәндерінің (ядросының) құрылымы өзгереді,
митохондрийларының көлемі үлкейіп, құрылымы бұзылады,
нәруыз
түзетін
рибосомалары
азаяды,
лизосомалары
көбейеді, плазмолеммалары қалыңдайды. Бұндай жасушаларда
жиі қуыстар пайда болады, энергия түзілуі бұзылады,
жасуша
ішіндегі
калийдің
мөлшері
азаяды.
Осыдан
мембраналық потенциал азайып,
жасушалардың қозымдылығы
мен
өткізгіштігі
бұзылады.
Жасуша
сыртындағы
мембраналарында рецепторлардың қызметі бұзылудан олардың
сезімталдығы көтеріледі немесе төмендейді және жүйкелік-
сұйықтық
реттелулері
бұзылады.
Жасушалардың
өзара
қатынасы
мен
байланыстары
өзгереді.
Тіндердегі
рецепторлардың сезімталдығы көтерілуінен кейде тіпті
әлсіз, қалыпты жағдайларда әсер етпейтін қоздырғыштардың
әсерлерінен қарттық дерттердің туындауы байқалады.
Мәселен, терінің суық температураны қабылдайтын қабыл-
дағыштарының (рецепторларының) сезімталдығы көтерілуінен
жасы ұлғайған адамдар өте тоңғыш болады,
оларда бір
жерлерінен жел үрлеп тұрған сияқты сезім қалыптасады.
Қартаю организмнің барлық функцияларының кемуіне
әкеледі.
Осыдан
қоршаған
ортаның
өзгеріп
тұратын
ықпалдарына организмнің бейімделу қабілеті шектеледі.
Қарт адамдар жиі аурушаң болады. Өйткені организмнің
жүйелері мен
ішкі ағзаларында, жасушаларында адамның
жасына бай-ланысты пайда болған өзгерістер көптеген
дерттердің дамуына қолайлы ықпал етеді. Сондықтан
қарттардың жиі аурушаң
болу себебін қартаюдың ішкі
заңдылықтарынан іздеген жөн.
Қарт адамдарда жастарға қарағанда дерттер ерекше
өтеді.
Оларда
организмнін
бейімделу-икемделу
мүмкіншіліктері
төмен
болғандықтан
гипертрофия,
гиперплазия және регенерация үрдістері әлсіз түрде
дамиды. Қарттарда гормондар мен медиаторлардың өндірілуі
және арнайы рецепторларымен олардың қабылдануы бұзылудан
қызба, қабыну, әлсіз түрде өтеді, организмнің сыртқы
орта ықпалдарына бейімделу мүм-кіншіліктері шектеледі.
Сол себептен көптеген дерттер кездерінде бүліну үрдістері
қорғаныстық үрдістерден басым болады.
Қарт адамдарда жүрек-қан тамырларының аурулары,
қатерлі өспелер, жұқпалар, ми
мен ішкі ағзалардың
бүліністік дерттері, қантты диабет т.с.с. аурулар жиі
кездеседі.
Кейбір адамдар тым ерте, басқалары кеш қартаяды. Кейде
жас адамдарда кәрілікке тән белгілер тым ерте пайда болуы