Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет104/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Лимфоидтық-гипоплазиялық 
диатез. 
Бұл 
диатез 
жас 
балалардың 
арасында 
3,2-6,8% 
жиілікпен 
кездеседі. 
Балалардың жұқпалы-уытты, әсіресе дұрыс емделмеген, 
аурулары, нәруыздары немесе көмірсулары тым артық 


121
тамақпен 
тиімсіз 
қоректендіру 
т.с.с. 
нәтижелерінде 
дамиды. Оның дамуында тұқым қуалаушылыққа бейімділіктің 
маңызы зор. Ұзақ мерзім жұқпалы-уыттардың әсерлерінен 
айырша без бен лимфоидтық тіндердің қызметтері бұзылады. 
Артынан бүйрек үсті бездерінің гипоплазиясы дамиды. 
Сондықтан оларда катехоламиндер мен глюкокортикоидтық 
гормондардың түзілуі азаяды. Осыдан минералокортикоидтық 
гормондардың үлесі артып кетеді де, лимфоидтық тіндердің 
салдарлық гиперплазиясы дамиды, натрий мен хлоридтер және 
су денеде тұтылып қалады. Дененің ісінуі жиі байқалады. 
Мұндай балалардың бет пішіні домбыққан, бозарған, бұлшық 
еттері әлсіз, лимфалық түйіндері ұлғайған болады. 
Лимфоидтық тіні қатты өсіп кеткеніне қарамай оның 
жеткіліксіздігі байқалады жыныстық дамуы кешеуілдейді. 
Бұл балаларда баспа және фарингит жиі дамиды, көкбауыры 
ұлғайып, 
қанында 
лимфоциттердің 
саны 
көбейеді. 
Аутоаллергиялық аурулар дамуына бейімділік артады. Бұл 
жағдайды 
тимиколимфатикус 
жағдайы деп атайды. Өйткені бұл 
адамдарда айырша бездің кері дамуы баяулайды, бүйрек үсті 
бездерінің жеткіліксіздігі дамиды. Содан организмнің 
көптеген, тіпті жеңіл, әсерлерге төзімділігі төмен 
болады. 
Жүйкелік-буын қабынулық (нервтік-артриттік) диатез. 
Бұл 
диатез 
кезінде 
жүйке 
жүйесінің 
қозымдылығы 
көтеріледі, зат алмасуларының бұзылыстарынан кетоацидоз 
дамуына бейімділік пайда болады, артынан семіруге
нефрит, нефрокальциноз, подагра т.б. артриттер дамуына 
бейімділік байқалады. Оның дамуында тұқым қуалаушылыққа 
бейімділіктің маңызы бар. Организмде зәр қышқылының 
түзілуі артуынан оның деңгейі қанда көтеріліп кетеді. 
Қанда глюкоза азаюынан, қайта-қайта құсудан, ұзақ уақыт 
тамақ қабылдамаудан, әртүрлі ауыртпалықтардан, жіті 
жұқпалардан майлардың ыдырауы артып, кетондық денелердің 
өндірілуі көбейеді. Осыдан кетоацидоздық кома дамиды.
Емшектегі 
балалардың 
өздерінде 
жүйке 
жүйесінің 
қозымдылығы көтеріліп, жасы өсуіне қарай ол арта береді. 
Сондықтан балалардың жандүниелік дамуы ерте байқалып, 
олар барлығын білуге ұмтылады, айтқан сөзді немесе оқып 
бергенді есінде оңай сақтайды. Бұл балалар мектепте жақсы 
оқиды, көпшілігі өнерге, іргелі ғылымдарға бейім болып 
келеді. Бірақ бұндай балаларда себепсіз дене қызымының 
көтерілуі, бас сақинасының ұстамалары, мезгіл-мезгіл іші 
және арқасы ауыруы, денесінде есекжем, Квинке ісінуі, 
демікпелік бронхит дамуы мүмкін. Оларда зәр қышқылының 
тұздары несеппен көп шығарылудан бүйрек қызметі бұзылады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет