132 байқалады..
Жалпы адаптациялық синдромды Г. Селье «гипофиз-бүйрек
үсті бездерінің сыртқы қабаты» жүйесі арқылы түсіндірді.
Қазіргі көзқарастар бойынша стресс жүйке жүйесі мен эндокриндік бездердің қатысуымен дамитын организмнің күрделі жүйкелік-сұйықтық серпілісі. Бұл
серпіліс
дамуында орталық жүйке жүйесі, мидың сыртқы қыртысы,
гиппокамп, лимбикалық жүйе, мидың торлы құрылымы,
гипоталамус т. б. мидың құрылымдары, шеткері жүйкелер мен
дербес (вегатативтік) жүйке жүйелері қатысады. Көптеген
қолайсыз ықпалдардың организмге әсері жүйкелік-рефлекстік
жолдармен болады. Сыртқы және ішкі қабылдағыштардан
(рецепторлардан)
жүйкелік
серпіндер
орталық
жүйке
жүйесіне түсіп, ми қызметтерінің өзгерістеріне әкеледі.
Содан пайда болған жүйкелік медиаторлар, шағын
пептидтер
(эндорфиндер
мен
энкефалиндер),
жүйкелік
гормондар (либериндер мен статиндер) жүйкелік-эндокриндік
серпілістердің дамуына әкеліп соғады. Адамда тілсөз
жүйесінің болуына байланысты жағымсыз дөрекі сөздер жан-
дүниелік күйзелістерге, жан жарақаттарына мидың сыртқы
қыртысының қатысуымен әкелетіні дәлелдеуді қажет етпейді.
Мидың сыртқы қыртысы әрекеттерінің өзгерістері мидың
қыртыс
асты
құрылымдары
мен
гипоталамус
арқылы
эндокриндік жүйелердін жұмылдырылуына әкеледі. Стресс
дамуында, алдыңғы гипофиз-бүйрек үсті бездерінің сыртқы
қабатынан басқа, қалқанша бездер, үйқыбез, бүйрек үсті
бездерінің милық қабаты т. б. бездер қатысады. Мәселен,
кезкелген ауыртпалықтар кездерінде үйқы безі инсулинді
артық
өндіреді.
Осыдан
қанда
инсулиннің
деңгейі
көтеріледі. Ал, гиперинсулинемия симпатикалық жүйке
жүйесі мен бүйрек үсті бездерінің милық қабатының
белсенділігін
арттырып,
катехоламиндердің
әсерін
күшейтеді.
Содан
норадреналиннің
әсерінен
қан
тамырларының
жиырылуы күшейеді. Қанда катехоламиндердің
көбеюі өз алдына тіндердегі инсулинді қабылдайтын
рецепторлардың сезімталдығын азайтып, инсулиннің безден
тыс жеткіліксіздігіне әкелуі мүмкін. Дегенмен, стресс
дамуында