Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет113/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

«гипоталамус-алдыңғы 
гипофиз-бүйрек 
үсті 
бездерінің сыртқы қабаты» бірігіп, бір функциялық жүйеге 
қалыптасуының маңызы өте үлкен.
Сонымен, стресс дамуы бір жағынан сыртқы ортаның 
ықпалдарына организмнің бейімделу қабілетін көтеріп, 
адаптация дамуына әкелсе, екінші жағынан көптеген 
дерттердің пайда болуына әкеледі. 
Организмнің ішкі тұрақтылығы 
стресті дамытатын және 


133
оны шектейтін жүйелердің 
өзара тепе-теңдігімен қамтамасыз 
етіледі. 
Стресті-дамытатын жүйеге: 
● 
симпатикалық-адренергиялық жүйе; 
гипоталамус
● алдыңғы гипофиз; 
● бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабаты т. б. жатады. 
Қолайсыз әсерлерден осы жүйенің белсенділігі көтеріледі. 
Осыған жауап ретінде стресті шектейтін жүйе әсерленеді
.
Оған: 
● мидағы гамма-аминомай қышқылына (ГАМҚ), серотонинге
эндорфиндер мен энкефалиндерге жауап қайтаратын жүйелер; 
● 
шеткері 
ағзалар 
мен 
тіндерде 
түзілетін 
простагландиндер және антиоксиданттық ферменттер жатады 
және олар стресс дамуын азайтады. Бұл кезде ГАМҚ мида 
тежелу үрдістерін күшейтеді, серотонин катехоламиндердің 
әсерін 
әлсіретеді, 
эндорфиндер 
мен 
энкефалиндер 
организмде ауыру сезімін азайтады және көптеген ішкі 
ағзалардың іс-әрекеттерін қадағалайды. Шеткері тіндерде 
өндірілетін простагландиндер тін жасушаларының сыртқы 
қабықтарындағы аденилатциклаза ферментін әсерлеп, жасуша 
ішінде 
цАМФ 
түзілуін 
арттырады. 
Антиоксиданттық 
ферменттер 
тін 
жасушаларының 
қабықтарында 
май 
қышқылдарының асқын тотығып кетуінен сақтандырып тұрады. 
Сайып келгенде, ауыртпалықтар кездерінде стрессті 
шектейтін жүйенің жұмылдырылуы нәтижесінде жағымсыз 
әсерлерге организмнің адаптациясы болады. 
Организмнің адаптациясы екі сатыда дамиды: 1-сатысы 
жедел дамитын, өткінші, жетілмеген; 2-сатысы біртіндеп 
дамитын, ұзақ мерзімді, жетілген болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет