Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет121/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

 Ақтық сатысы.
Шоктың ақтық сатысында артериолалар 


142
қатты 
кеңіп 
кетеді. 
Олар 
катехоламиндерге 
жауап 
қайтармайды. 
Гиповолемия 
кезінде 
катехоламиндердің 
әсерінен артериялық қан қысымы көтерілудің орнына, 
керісінше, күрт төмендеп кетуі мүмкін. 
Бұл кезде гипоксия барлық ішкі ағазаларда, сонымен 
қатар мида дамиды. Осыдан тыныс алу және қан тамырларының 
қимылдық 
орталықтары 
салданады, 
науқас 
адам 
жан 
тапсырады. 
Жарақаттануға дейінгі жүрек аурулары, коронарлық қан 
айналымның жеткіліксіздіктері шок кезінде жүйелік қан 
айналымның бұзылыстарын одан сайын күшейтеді. Коронарлық 
тамырлардың склерозы бар қарт адамдарда шок кезінде жүрек 
қызметінің бұзылыстары өте ауыр өтеді. Сонымен, шокқа 
себеп-салдар тізбегі тән. Шоктың қызбаланыстық сатысында 
жүйкелік-эндокриндік серпілістердің үлкен маңызы бар, ал 
сілеймелік сатысында бұған жүрек-қантамырлар жүйесінің 
бұзылыстары 
қосылады, 
артынан 
зат 
алмасуларының 
өзгерістері мен гомеостаздың бұзылыстары үлкен орын 
алады. 
Сонымен қатар шоктың патогенезінде жарақаттың түрі мен 
орналасқан жерінің маңызы бар. Мысалы, кеуде қуысы 
ағзалары жарақаттанғанда тұншығу, пневмоторакс, жүрек 
қызметінің бұзылыстары, ал іш қуысы ағзалары бүлінгенде 
ішек-қарын жолдарынан болатын улану т.с.с. жағдайлар 
сілейменің дамуына үлкен ықпал етеді. 
Организмнің бірнеше мүшелері жарақаттанғанда немесе 
жарақаттану басқа әсерлермен қабаттасқанда (радиация, қан 
кету, дене мұздауы, қызыну, гипоксия, тағамдағы нәруыздар 
мен витаминдердің тапшылығы т. б.) шок тым ауыр түрде 
өтеді. Балаларда және қарттарда ол қатты дамиды. 
Сілеймеден кейін көптеген қоздырғыштарға организмнің 
төзімділігі төмендейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет