Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


қызбаланыстық (эректилдік)



Pdf көрінісі
бет118/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

қызбаланыстық (эректилдік),
● сілеймелік (торпидтік),
● ақтық (терминалдық)
– деп аталатын үш сатыда өтеді.
 
Эректилдік
(лат. 
еrectus-қызбалану) 
немесе 
қозу 
сатысы. кезінде жарақаттың әсерінен сыртқы, ішкі және 
буындардың қабылдағыштары (рецепторлары) қоздырылады. 
Орталық 
жүйке 
жүйесіне 
(ӨЖЖ) 
миға 
бағытталған 
(афференттік) 
серпіндер 
түсуі 
көбейеді. 
Осының 
нәтижесінде қысқа мерзімде (бірнеше минут) ОЖЖ және 
дербес (вегетативтік) жүйке жүйелерінің қозуы болады; 
стресс-дамытатын жүйе (гипоталамус, гипофиз, бүйрек үсті 
бездері, 
адрененергиялық 
жүйе) 
қаһарланып, 
стресс-
шектейтін ГАМК-ергиялық, опиоидергиялық, антиоксиданттық 
т.с.с. жүйе әлсірейді. Осыдан организмде қатты стресс-
реакция дамиды. Бұл кезде стресс бүкіл денеге тарап, онда 
адаптацияға жауапты басым
 
жүйе қалыптаспайды. Осыдан бұл 
стрестің адаптациялық мәні болмай, оның бүліндіргіш әсері 
шектен шығып кетеді. 
Стрестің 
нәтижесінде 
гиперкортикостероидемия, 
гиперкатехоламинемия 
байқалады. 
Гиперкатехоламинемия 
біріншіден, қан тамырларының қатты жиырылуына, екіншіден, 
липаза, фосфолипаза ферменттерінің қатты әсерленуіне және 
майлардың асқын тотығуы шамадан тыс артып кетуіне әкеліп, 
осыдан жасуша мембраналарымен байланысқан үрдістердің 
бұзылыстарын 
туындатады. 
Бұл 
кезде 
мембраналардың 
рецепторлық, каналдық және насостық қызметтері бұзылады, 
өткізгіштігі 
жоғарылайды. 
Лизосомалардың 
мембранасы 
бүлінуінен қышқыл гидролазалық ферменттер босайды, олар 


140
тіндердің 
ары 
қарай 
бүлінулеріне 
әкеледі. 
Митохондрийлардың мембраналары бұзылуынан онда тотығу-
тотықсыздану процестері бұзылып, макроергиялық фосфорлық 
қосындылар (АТФ, КрФ) түзілуі азаяды. Энергия тапшылықты 
жағдай дамиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет