Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Стрестің дерт дамуындағы маңызы



Pdf көрінісі
бет115/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Стрестің дерт дамуындағы маңызы. 
Стресс адамда 
дерттердің дамуына екі жағдайда әкелуі мүмкін:
● организмге әсер еткен ықпалдың қарқыны тым артық 
болып, стресс дамытатын жүйенің белсенділігі қатты 
көтеріліп кетуінен;
● стресті шектейтін жүйенің туа біткен немесе жүре 
пайда 
болған 
тапшылықтарынан. 
Организмде 
ГАМҚ, 
серотониннің, 
шағын 
реттеуші 
пептидтердің, 


136
простагландиндердің, антиоксиданттардың түзілуіне қажетті 
ферменттердің тұқым қуалайтын гендік немесе жүре пайда 
болған ақаулары болуы ықтимал. Олардың тұқым қуалайтын 
гендік ақаулары ұрпақтан ұрпаққа беріледі. Сондықтан 
кейбір адамдарда антиоксиданттардың түзілуіне қажетті 
ферменттердің жеткіліксіздігі болады. Ал, журе пайда 
болған 
бұл 
ферментгердің 
аз 
түзілуі 
немесе 
белсенділігінің төмендеуі қоршаған ортаны ластайтын 
әртүрлі химиялық 
 
улы өнімдердің әсерлерінен, ашығудан, 
ішетін 
тамақта 
нәруыздардың, 
витаминдердің, 
микроэлементтердің тапшылығынан дамиды. Бұл екі жағдайда 
да стресті дамытатын жүйе басым болып кетеді. Осыдан: 
♣ 
қанда 
катехоламиндер 
мен 
кортикостероидтық 
гормондардың көбеюінен артериалық қан тамырларының қатты 
жиырылуы ішкі ағзалар мен тіндердің қанмен қамтамасыз 
етілуін бұзады; 
♣ 
катехоламиндер 
жасуша 
мембраналарында 
май 
қышқылдарының асқын тотығуына, фосфолипаза, липаза, 
протеаза ферменттерінің артық әсерленулеріне әкеліп, 
олардың бүліністерін туындатады. 
Осылардың 
нәтижесінде 
стресс 
мида 
қанайналым 
бұзылыстарына, асқазан мен ұлтабарда ойық жара ауруы, 
гипертониялық ауру, атеросклероз, жүректің ишемиялық 
ауруы, қантты диабеттің кейбір түрлері, жан-дүниелік және 
тері аурулары, өспелердің т. с. с. дерттердін дамуын 
туындатуы мүмкін. 
Жоғарыда келтірілген деректерден: стресс бір жағынан 
адамның тіршілігіне маңызды адаптациялық әсер етсе, 
екіншіден көптеген жұқпалы емес аурулардың дамуына 
әкелетіндігі байқалады. Бұндай ауруларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет