Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет114/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Жедел дамитын 
сатысы
организмде бұрын қалыптасқан, дайын физиологиялық 
құбылыстардың негізінде дамиды. Мәселен, ауыртатын немесе 
қорқыныш 
тудыратын 
қоздырғыштардан 
жануарлар 
қашып 
құтылады. Организмге суық температура әсер етсе, онда 
жылу өндірілу күшейіп, жылуды сыртқа шығару азаяды. Дем 
алатын ауада оттегі азайғанда организмнің дем алуы 
жиілеп, тіндерде қан айналымының жылдамдығы ұлғаяды.. 
Адаптацияның ұзақ мерзімді сатысы
организмге сыртқы 
орта ықпалдарының ұзақ немесе әлденеше рет қайталанған 
әсерлерінің нәтижесінде біртіндеп пайда болады. Организм 
шынықпаған жағдайынан жаңа сапалық жаттыққан жағдайга 
ауысады. Сөйтіп организм бұрын әлі келмейтін ауыр 
жұмыстарды атқарады, гипоксияга, суыққа, ыстыққа, жұқпалы 
ауруларға, улардың үлкен өлшемдеріне төзімді болады. 
Мидың 
есте 
сақтау 
қабілетінің 
негізінде 
дамитын 
организмнің 
белгілі 
жағдайларға 
үйреніп 
дағдылануы 


134
қоршаған ортаның ықпалдарына бейімделудің күрделі түріне 
жатады және ол мида жаңа шартты байланыстардың пайда 
болуымен 
сипатталады.. 
Адаптацияның 
жедел 
дамитын 
сатысынан тұрақты ұзақ дамитын сатысына ауысуы үшін
тіндерде нуклеин қышқылдары мен нәруыздар түзілуінің 
артуы қажет.
Ол мына жолмен дамиды: жаттығулардың 
нәтижесінде адаптацияга жауапты басым жүйе тіндері 
жасушаларының атқаратын қызметі көтерілуінен олардың 
ядроларындағы гендік құралдардың белсенділігі артады. 
Осыдан бұл жасушаларда ДНК молекуласының екіге ажырауы, 
РНК молекуласына тектік ақпараттың көшірілуі, рибосомалар 
мен полисомаларда нәруыздар түзілуі көбейеді. Осыдан: 
● қызмет атқаратын жасушалардың көлемі ұлғаяды, 
олардың қызмет атқаруға деген қабілеті арта түседі; 
● мида РНК мен нәруыздар түзілуінің артуы жаңа шартты 
байланыстардың бекуіне, жаңадан қабылданған қасиеттердің 
тұрақты 
дағдыға 
айналуына 
әкеледі 
және 
кейбір 
нейрондардың гипертрофиясы дамуын туындатады
● ГАМҚ, серотонин, эндорфиндер мен энкефалиндер және 
нервтік медиаторлар өндірілуіне қажетті ферменттердің 
түзілуі артады; 
● 
бүйрек 
үсті 
бездерінің 
милық 
және 
сыртқы 
қабаттарының гипертрофиясы мен гиперплазиясы дамуына 
әкеледі, оларда катехоламиндер мен кортикостероидтық 
гормондардың өндірілуіне қажетті ферменттердің түзілуін 
арттырады; 
● 
сүйек 
кемігінде 
гиперплазия 
дамиды, 
онда 
эритроциттердің, 
гемоглобиннің, 
микро- 
және 
макрофагтардың өндірілуі күшейеді 
● 
иммундық 
жүйе 
деңгейінде 
антиденелер 
мен 
лимфоциттердің өндірілуі артады. 
● бауырда қан нәруыздарының және микросомалық тотығу 
ферменттерінің түзілуі күшейеді, бауырдың уытсыздандыру 
қабілеті көтеріледі; 
● шеткері ағзалар мен тіндерде нәруыздар түзілуінің 
артуы тотығу-тотықсыздану ферменттері түзілуіне, кесек 
молекулалы фосфорлық қосындылардың өндірілуіне және 
құрылымдық нәруыздардың түзілуіне әкеледі. Мәселен, 
физикалық жүктемелердің нәтижесінде нәруыздар түзілуі 
артуынан бұлшықеттердің гипертрофиясы дамиды, оларда 
митохондрийлар көбейеді. Бұл кезде қан айналым және тыныс 
алу жүйелерінің қуаты артып, оттегін пайдалану мен АТФ 
түзілуі көбейеді. Осылардан бұлшықеттерде аэробтық тотығу 
артып, олардың қызмет атқару қарқыны мен ұзақтығы 
ұлғаяды. Сонымен бірге жүрек етінің шамалы гипертрофиясы 


135
дамиды, миозиннің АТФ-азалық белсенділігі көтеріледі, 
коронарлық қан тамырларының сыйымдылығы көбейеді, жүйелік 
қан айналым жақсарады. 
Сонымен, стресс дамуына әкелетін жағымсыз ықпалдар 
ұдайы өзгеріп тұратын қоршаған ортаның жағдайларына 
организмнің бейімделу мүмкіншіліктерін арттырады. Бұл 
кезде организмнің төзімділігі әсер етуші ықпалға ғана 
емес, көптеген басқа жағымсыз әсерлерге де жоғарылайды. 
Былайша айтқанда бір жағымсыз ықпалдан кейін екінші 
қолайсыз ықпалдың зиянды әсері әлсірейді. Мәселен, 
тәжірибелік 
жануарлардың 
терісіне 
формалин 
енгізсе 
(стрессор) қатты қабыну дамиды. Ал, формалин енгізер 
алдында аз ғана мөлшерде қан алса (екінші стрессор), онда 
формалин 
жібергеннен 
кейінгі 
қабынудың 
қарқыны 
төмендейді. 
Сондай-ақ 
жануарлардың 
көктамырына 
протеолиздік 
фермент 
(трипсин) 
жібергенде 
(бірінші 
стрессор) миокард некрозы пайда болады. Ал, фермент 
жіберер алдында жануарлардың бұлшық еттерін электр 
ағымымен жарақаттаса (екінші стрессор), онда фермент 
жібергеннен кейінгі миокард некрозының мөлшері азаяды. 
Осыған байланысты инемен емдеу, қан алу, терінің кейбір 
нүктелерлерін күйдіріп емдеу т. с. с. медицинаның 
бейдәстүрлі емдеу тәсілдері көрсетілген заңдылықтармен 
түсіндіріледі 
Организмнің 
физикалық 
жүктемелерге 
жаттығуы 
нәтижесінде, бұлшық еттердің күш-қуаты артуымен қатар, 
жүрек етін бүліндіретін, артериалық қан қысымын көтеретін 
т. б. ықпалдарга оның төзімділігі артады. Ф. 3. 
Меерсонның дәлелдеуі бойынша: организмнің қайталанған
жеңіл ауыртпалық жағдайларға жаттығуы нәтижесінде стресті 
шектейтін 
жүйенің 
қуаты 
артуынан, 
оның 
ишемияга, 
радиацияга, улы химиялық заттарға төзімділігі көтеріледі. 
Суық 
суға 
шынығулардың 
нәтижесінде 
организмде, 
термореттеу жолдарының қуаты көтерілуімен қатар, әртүрлі 
жұқпаларға организмнің төзімділігі артады. Сондықтан суық 
тиюден дамитын дерттер (баспа, жоғары тыныс жолдарының 
аурулары, пневмония т. с. с.) алдын-ала ескертіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет