адаптациялық гормондар деп атайды.
Осыған байланысты стресті Г. Селье
жалпы адаптациялық синдром деп жариялады. Бұл синдром үш сатыда өтеді:
1- үрей (дабыл) сатысы, 2- төзімділік сатысы, 3-қалжырау сатысы .
● ү
рей сатысында жағымсыз ықпалдарға организмнің
қорғаныстық икемделу мүмкіншіліктері тез іске қосылады.
Бұл саты «соққы» және «соққыға қарсы» фазаларынан тұрады.
Соққы фазасында бұлшықеттердің әлсіздігі, артериялық
қысымнын
төмендеуі,
гипотермия,
гипогликемия,
эозинопения, қылтамырлардың қабырғаларының өткізгіштігі
көтерілуі
т.
б.
құбылыстар
байқалады.
Бұл
кезде
лимфоидтық түйіндердің кері дамуы, теріс азоттық баланс,
асқазанның ойық жарасы дамиды. Бұлар организмде ыдырау
үрдістерінің күшейгенін көрсетеді.
Соққыға қарсы фазасында көрсетілген бұзылыстар кері
бағытта өзгереді. Артериалық қысым және бұлшықеттердің
күш-қуаты көтеріледі, қанда глюкоза көбейеді. Гипофиз бен
бүйрек
үсті
бездерінде
кортикотропин
мен
глюкокортикоидтық гормондардың өндірілуі тұрақты түрде
жоғарылайды,
осыдан
адаптациялық
синдромның
екінші
төзімділік сатысы дамиды.
● төзімділік сатысында
бүйрек
үсті
бездерінің
гипертрофиясы байқалады, кортикостероидтардың түзілуі
артады, глюконеогенез күшейеді. Бұл кезде өзгерген сыртқы
ортаның жағдайларына организмнің бейімделу мүмкіншілігі
ең жоғары деңгейге көтеріледі. Егер қолайсыз ықпал ұзақ
мерзімде әсер етсе, онда организмнің көрсетілген қабілеті
бұзылады, жалпы адаптациялық синдромның үшінші қалжырау
сатысы дамиды.
●
қалжырау сатысында
организмнің
тіршілік
мүмкіншіліктері таусылады, бүйрек үсті бездерінің сыртқы
қабаты семіп қалады, кортикостероидтық гормондар түзілуі
қатты азаяды, артериялық қысым төмендейді, нәруыздардың
ыдырауы артады, дене қызымы төмендейді, гипогликемия