Гемотрансфузиялық шок науқас адамдарға сәйкес емес қан
құйғанда дамиды. Бұл кезде пайда болатын «антиген-
антидене» кешендері қан тамырларының интерорецепторларын
қатты қоздырады. Сонымен қатар бұл кезде пайда болатын
әртүрлі биологиялық әсерлі заттар (гистамин, серотонин,
ацетилхолин, простагландиндер т.с.с.) қан тамырларының
кеңеюіне, артериялық қысым төмендеуіне әкеледі. Бұл
шоктың
ерекшелігіне
эритроциттердің
гемолизі
артуы
жатады. Осының нәтижесінде гемолиз өнімдері бүйрек
қызметін қатты бүліндіреді, науқас адам артынан бүйрек
жеткіліксіздігінен
өлуі
мүмкін.
Сондықтан
емдеу
шараларына міндетті түрде гемодиализ бен гемосорбция
тәсілдері қосылуы тиіс.
Коллапс — тез дамитын қан тамырлары қызметінің
жеткіліксіздігімен көрінетін сілеймеге ұқсас жағдай.
Бірақ
одан
айырмашылығы
бұл
кезде
афференттік
серпіндердің күшеюі байқалмайды. Соған қарамай артериалық
және веналық қан қысымдары күрт төмендеп кетеді,
айналымдағы қан көлемі азаяды. Пайда болу себептеріне
қарай коллапстың келесі түрлерін ажыратады:
● геморрагиялық (қансыраудан дамитын);
● уытты — жүқпалық;
● ұйқыбездік т. б.
Коллапс
қан
айналымындағы
тамырлардың
күрт
жеткіліксіздігі нәти-жесінде артериалық гипотензияға,
микроциркуляцияның бұзылыстарына, тіндердің гипоксиясына
әкеледі.
Емдеу жолдары артериялық қысымды көтеруге, айналымдағы
қан көлемін қалпына келтіруге, гипоксияны аластауға
145 бағытталады.
ЗАТ АЛМАСУЛАРЫНЫҢ БІРТЕКТЕС Б ұ ЗЫЛЫСТАРЫ КӨМІРСУЛАРЫ АЛМАСУ лар ЫНЫҢ Б