Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет132/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Диабеттік
кетоацидоз. 
Қантты диабет кезінде тіндерде 
кетондық денелердің тотығуы және олардың 
несеппен 
шығарылуы шектеледі. Содан организмде кетондық денелердің 
артық түзілуі ауыр кетоацидоз дамуына әкеледі. Кетоацидоз 
инсулиннің, бездік жеткіліксіздігі нәтижесінде, толық 
болмауынан дамиды. Ол организмде газдық емес ацидоз 
дамуымен, 
рН 
төмендеуімен, 
гипервентиляция, 
гиперкетонемия, 
кетонурия 
дамуларымен 
сипатталады. 
Ацетосірке 
және 
бетаоксимай 
қышқылдары 
организмнен 
натрий, калий және амоний катиондарымен байланыстырылып 
шығарылады. 
Натрий 
иондарының 
артық 
шығарылуынан 
организмнің сусыздануы, айналымдағы қан көлемінің азаюы, 


153
артериалық қан қысым мен бүйрек шумақтарында несеп 
сүзілудің төмендеуі, метаболизмдік ацидоз т.с.с жағдайлар 
байқалады. Осы өзгерістердің нәтижесінде 
диабеттік кома
дамиды. Бұл .кезде жүрек айну, құсу, сирек және терең 
Кусмауль тынысы пайда болады, сана-сезім бірде больш, 
бірде болмайды, қан қысымы күрт түсіп кетіп, коллапс 
дамиды. Қанда глюкозаның деңгейі 25 ммоль/л-ден астам, рН 
төмен болады. Несепте глюкоза мен кетондық денелердің 
мөлшері көбейеді. 
Диабеттік кетоацидозды емдеу тәсілдері организмнің 
сусыздануын, 
гипергликемияны, 
ацидозды 
аластауға 
бағытталуы керек. Ол үшін организмге физиологиялық сұйық, 
инсулин және гидрокарбонат немесе лактат сұйықтарын 
енгізу қажет. Қазір ұйқы безінің бета-жасушаларын науқас 
адамдарға ауыстырып отырғызу операциялары қолданылуда.
Гипергликемиялық, гиперосмостық қома. 
 
Диабеттік: команың бір түрі болып гипергликемиялық, 
гиперосмостық, кетогендік емес, кома есептеледі. Бұл кома 
инсулинге тәуелсіз диабет 
кезінде ұлғайған науқас 
адамдарда дамиды. Ол организмнің сусыздануымен, тырыспа-
селкілдек ұстамаларымен және комамен сипатталады. Қанда 
глюкозаның деңгейі 55 ммоль/л-ден астам көтеріледі, ал 
кетондық денелердің мөлшері көтерілмейді, кетоацидоз 
дамымайды. Бұл кезде организмдегі бар инсулиннің деңгейі 
майлардың ыдырауын азайтуға жеткілікті болады, бірақ ол 
тіндердің глюкозаны пайдалануын қамтамасыз ете алмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет