Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет131/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

полиурия
дамиды. Бұл 
организмнің сусыздануына қан сұйығында осмостық қысымның 
көтерілуіне, 
шөлдеу 
сезіміне, 
полидипсияға
(грек. 
роlуdірsіа – сусамыр, қатты шөл) әкеледі. 
Қантты диабет кезінде нәруыздардың алмасуы бұзылады. 
Бұл кезде амин қышқылдарының жасуша қабықтары арқылы 
тіндерге өтуі төмендейді, олардың ыдырауы артады. 
Аминотрансферазалар 
мен 
дезаминдеу 
ферменттерінің 
белсенділігі көтеріледі. Амин қышқылдарынан амин топтары 
бөлініп, 
зәрнәсілге 
(мочевинаға) 
айналуы 
көбейеді. 
Сондықтан қан мен несепте оның деңгейі артады. Әдетте ол 
3—7 мМ/л (немесе 20-40 мкг%) болады. Амин қышқылдарының 


152
қалдықтары глюкоза түзілуіне пайдаланылады, глкжонеогенез 
артады.Диабет кезінде нәруыздардың түзілуі баяулайды. 
Осыдан 
бұлшықеттердің 
атрофиясы 
дамиды, 
қанда 
гипопротеинемия 
байқалады, 
антиденелердің 
түзілуі 
жеткіліксіз болады. Сондықтан теріде және шырышты 
қабықтарда іріңдік қабынулар, туберкулезбен ауыру қантты 
диабетпен ауыратын адамдарда жиі кездеседі. 
Инсулиннің жеткіліксіздігі кезінде майлардың алмасуы 
бұзылады. Бүл кезде майлардың ыдырауы күшейеді, май 
тінінен май қышқылдары мен глицерин босап шығады. Осыдан 
қанда майлардың жалпы деңгейі бірнеше есе көтеріледі. 
Май қышқылдарьшың артық ыдырауынан ацетил-КоА көптеп 
түзіледі. 
Ацетил-КоА 
Кребс 
оралымында, 
әдеттегідей 
тотықпай, тіндерде жиналып қалады. Артық ацетил-КоА 
диабет кезінде холестерин түзілуін көбейтеді. Сонымен 
бірге бұндай науқас адамдарға сырттан енгізілетін инсулин 
артерия тамырларындағы тегіс салалы ет жасушаларының 
өсіп-өнуін 
күшейтеді. 
Осыдан 
келіп 
бұл 
адамдарда 
атеросклероз дамуына қолайлы жағдай пайда болады. 
Ацетил-КоА-дан көптеген кетондық денелер түзіледі. 
Осыдан кетоацидоз дамуы байқалады. Кетонды денелер 
орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етеді. 
Қантты диабет кезінде түздар мен судың алмасуы 
бұзылады. Бұл кезде калий иондарының алмасуы қатты 
бұзылады, оның жасуша ішінде тасымалдануы баяулайды. К
+
иондары жасуша сыртында және қанда жиналып қалады. 
Артынан К
+
несеппен көп шығарылуынан оның қандағы деңгейі 
төмендейді. Сонымен бірге қантты диабетпен ауыратын 
адамдардың несебінде натрий иондары көбейеді. 
Несепте глюкозаның, кетондық денелердің, азоттың, 
натрий 
мен 
калий 
иондарының 
деңгейлері 
көтерілуі 
организмнен судың көптеп шығуына әкеледі. Сондықтан 
қантты диабет кезінде тәулігіне 8—10 л несеп шығарылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет