Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету



Pdf көрінісі
бет128/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Этиологиясы

Қантты диабеттің себебі болып, тұқым 
қуатын және жүре пайда болған ықпалдар есептеледі. 
Диабетке тұқым қуалайтын қабілеттілік бәсеңкі түрде бір 
немесе бірнеше гендермен беріледі. Бірақ аурудың пайда 
болуы ортаның қосымша ықпалдарының әсерлеріне байланысты. 
Жорамал бойынша диабеттің гендері халықтардың арасында 
25%-ға жуық адамдарда болуы мүмкін, бірақ олардың 2-3%- 
ғана ғана диабетпен ауырады. 
Инсулинге тәуелді диабет кезінде тектік ерекшеліктің 
маңызы ете үлкен. Диабеттің гені тін үйлесімділік НLА-
кешенінің локусында иммундық реактивтіліктің генімен 
бірге орналасқан. Сонымен бірге бұл диабеттің дамуында 
вирустық жұқпалар (қызамық, паротит вирустары т. б.) 
маңызды орын алады. Олар, ұйқы безінің бета-жасушаларын 
тікелей 
бүліндіруімен 
қатар, 
жасушаларға 
қарсы 
аутоантиденелер түзілуі мен сезімталдығы көтерілген 
лимфоциттер өндірілуіне әкеледі. 
Инсулинге тәуелсіз диабет кезінде тұқым қуалаушлыққа 
бейімділік көптеген гендермен ұрпақтан ұрпаққа ауысуы 
ықтимал. Бұл диабетті көп факторлық ауруларға жатқызады. 
Оның дамуына қолайлы ықпалдар болып, жеңіл қорытылатын 
көмірсулары көп тағамды артық пайдалану және қимыл-
қозғалыстың азаюы, гиподинамия есептеледі. Бұл екі жағдай 
да организмнің семіруіне әкеледі, ал диабеттің бұл 
түрімен ауыратын науқастардың көпшілігі тым толық болып 
келеді. Семіру кезінде организмнің инсулинге мұқтаждығы 
көтеріледі. Өйткені май жасушаларының сырттарындағы 
инсулинді қабылдайтын рецепторлар азайып, бір-бірінен 
алшақтап кетеді. Қазіргі күні май жасушалары кахексин – 
деп аталатын зат өндіретіні белгілі. Бұл зат организмнің 
инсулинге деген төзімділігін арттырады. Сондықтан ұйқы 
безінің 
бета-жасушалары 
ұзақ 
мерзім 
артық 
қызмет 
атқарудан олардың пайдаланылмаған мүмкіншілктері тез 
қалжырауға ұшырайды. Семіру кезінде организмнің глюкозаға 
төзімділігі (сырттан енгізілген глюкозаны пайдалану 
қабілеті) жиі төмендеген. Бұл көптеген тіндерде, соның 
ішінде бауыр мен май тіндерінде, инсулинді қабылдайтын 
рецепторлардың саны азаюымен байланысты болады. Сондықтан 
семіру кезінде организмнің зат алмасуға мұқтаждығын 
қамтамасыз ете алмайтын гиперинсулинемия дамиды. Осыдан 
артынан 
бета-жасушаларының 
қызметі, 
артық 
қызмет 


149
атқарудан, тез қалжырауы мүмкін. 
Сонымен бірге қантты диабеттің дамуы акромегалия, 
Иценко - Кушинг ауруы, феохромоцитома кездерінде соңғы 
көріністері ретінде байқалады. Бұл кездерде инсулинге 
қарсы гормондардың артық өндірілуінен, үйқы безінің бета-
жасушаларының 
тұқым 
қуалайтын 
пайдаланылмаған 
мүмкіншіліктері 
шектелген 
адамдарда, 
инсулиннің 
жеткіліксіздігі тез дамуы ықтимал. 
БДҰ жіктеуінде қантты диабеттің басқа сирек кездесетін 
түрлері де келтірілген. Оларга жоғарыда көрсетілген 
гормондық диабеттен басқа үйқы безінің қабынулық
некроздық, 
резекциядан 
кейінгі 
т.б. 
бұзылыстары 
кездеріндегі диабет және жүкті әйелдердің диабеті т. с. 
с. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет