Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының



Pdf көрінісі
бет136/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Майдың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының 
бұзылыстары.
Айналымдағы қанға май ішектерден хиломикрондар түрінде, 
өкпеден және сүйек кемігінен бос май қышқылдары, ал 
бауырдан нәруызбен байланысқан майлар — липопротеидтер 
түрлерінде 
түседі. 
Хиломикрондар 
үшглицеридтерден, 
холестериннің әтірлерінен (эфирлерінен), фосфолипидтерден 
тұрады. Олар 98% майлардан және 2% нәруыздан тұрады. 
Бауырдан қанға үш турлі липопротеидтер түседі. Оларды 
тығыздығы бойынша: цребета-липопротеидтер немесе өте 
төмен 
тығыздықты 
липопротеидтер 
(ӨТТЛП), 
бета-
липопротеидтер немесе төмен тығыздықты липопротеидтер 
(ТТЛП) және альфа-липопротеидтер немесе жоғары тығыздықты 
липопротеидтер (ЖТЛП) деп ажыратады. 
Өте 
төмен 
тығыздықты 
липопротеидтер 
негізінен 
үшглицеридтерден, 
төмен 
тығыздықты 
липопротеидтер-
холестериннен 
тұрады. 
Бұлар 
қан 
тамырларының 
атеросклерозын 
туындататын 
болғандықтан 
атерогендік 
липопротеидтер деп аталады. 
Альфа-липопротеидтердің құрамы негізінен нәруыз бен 
фосфолипидтерден тұрады және олар қан тамырларының 
қабырғаларынан артық холестеринді бауырға тасымалдайды. 
Сондықтан
бұл 
липопротеидтер 
қан 
тамырларында 
атеросклероз дамуына қарсы әсер етеді. 
Қалыпты жағдайда қанда майдың деңгейі литріне 4-8 
гр/л.(400-800 мг %), май қышқылдары - 0,3 - 0,8 ммоль (8 
-23 мг%), холестерин – 4-10 (150-250 мг %), ммоль, ӨТТЛП 
- 1,5-2 грамм (150—200 мг%), ТТЛП – 3-6 грамм, мг %), 
ЖТЛП - 2,2-3,2 грамм (220-320 мг %), хиломикрондар - 0—
0,5 грамм (50 мг %)-ке дейін болады. 
Қанға түскен хиломикрондар өкпеде ұсталынады. Өкпе 
олардың 
артериялық 
қанға 
өтуін 
қадағалайтын 
липопектикалық қызмет атқарады. Өкпенің тыныстық қызметі 
төмендегенде (пневмоторакс, эмфизема) онда май ұсталып 
қалады. Керісінше, өкпенің тыныстық қызметі көтеріліп, 
өкпеде 
қан 
айналымы 
жоғарылағанда, 
хиломикрондар 
артериалық қаңға көп түсіп, май тініне жиналуы артады. 
Қанда 
хиломикрондардың 
бөлшегі 
липопро-протеидлипаза 
ферментімен (жарықтану факторы) ыдыратылады. Бұл фермент 
адипоциттерде, миокардиоциттерде, бұлшықет жасушаларында 


158
сүт безі жасушаларында өндіріледі. Ол қан қылтамырларының 
эндотелий жасушаларының сыртқы мембранасына жабысып
хиломикрондар мен ӨТТЛП-ден үшглицеридтерді ажыратады да, 
оларды бос май қышқылдарына және глицеролға дейін 
ыдыратады Май қышқылдары әлбумин мен β-липопротеидтердің 
сыртына сіңіп, ағзалар мен тіндерге тасымалданады. 
Бауырда 
бос 
май 
қышқылдарының 
бір 
бөлшегінен 
үшглицеглицеридтер, екінші жартысынан энергия түзіледі.
Майлардың тасымалдануы бұзылыстарының бір көрсеткіші 
болып 
гиперлипемия
есептеледі. Бұл кезде қанда майдың 
мөлшері литріне 2 ммольден асады. Гиперлипемия ауқаттық 
(қоректік), тасымалдық (май қорларынан оның бауырға 
тасымалдануы күшейгенде және ретенциондық (грек. retentio 
- бөгелу, кідірту) немесе бөгелулік (майдың қаннан тінге 
шығарылуы кідіруінен) болып көрінеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет