ОРГАНИЗМДЕ липидтер АЛМАСУ лар ЫНЫҢ Б ұ ЗЫЛЫСТАРЫ Липидтерге қаныққан және қанықпаған май қышқылдары, моно-, ди-, және
үшглицеридтер, холестерин, фосфолипидтер, гликолипидтер, стериндер және балауыз
жатады. Жануарлар мен өсімдік майлары 94-98% үшглицеридердің құрамынан тұрады.
Адамға тәулігіне орташа есеппен 80-100 г.-дай май қажет. Майлардың немесе
липидтердің организм үшін маңызы өте үлкен. Олар:
● барлық биологиялық мембраналардың құрамына кіреді және олардың өткізгіштік
қасиетін, тасымалдық ферменттерінің белсенділігін анықтайды;
● жасуша аралық түйісуді қамтамасыз етеді, жүйкелік серпіндердің тарауына
қатысады және жасушаларға тіршілік электр ағымдардың өтуіне кедергілік қасиет
көрсетеді;
● көптеген гормондар мен простагландиндердің түзілуіне қатысады;
● организмге қажетті энергия түзілуіне қатысады;
● А, Д, Е, К-витамндеріне еріткіш болады;
● май қышқылдарынан өндірілетін простагландиндер әртүрлі ағзалар мен
тіндерге қалыпты жағдайларда және дерттік өзгерістер кездерінде реттеуші әсер
етеді;
● холестериннен өт қышқылдары, котикостероидтық және жыныстық гормондар
түзіледі;
● липидтердің құрамына кіретін ферменттік кешендер қан ұюына, ас
қорытылуына, иммундық үрдістерге маңызды ықпал етеді;
Организм алмастырылмайтын көп қанықпаған май қышқылдары мен майда еритін
витаминдарден басқа липидтедің бәрін өзі өндіре алады.
Өсімдік майларында витаминдер, фосфолипидтер және стериндер болады.
Жануарлар майларынан өсімдік майларын көбірек қабылдау астың қорытылуын
жақсартады, организмде зат алмасуларын түзейді. Өсімдік майында еріген
витаминдер, витаминдік құндылығымен қатар, организмдегі алмастырылмайтын май
қышқылдарын тез тотығып кетуден сақтайды
.
Организмде
май
алмасуларының
бұзылыстары
мына
жағдайларда байқалады:
● ішектерде майлардың ыдыратылуы мен сіңірілуінің
бұзылуынан;
● майлардың тасымалдануы мен қаннан тінге ауысуының
.бұэылуынан;
● майлардың аралық алмасуының бұзылуынан;
● май тінінде майлардың алмасуы бұзылыстарынан.