Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Май тінінде май алмасуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет140/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

162
Май тінінде май алмасуының бұзылыстары.
Май тінінде ұдайы қарқынды алмасу үрдістері жүріп 
жатады. Онда майдың артық жиналуы тамақта көмірсулары 
басым 
болғанда 
байқалады. 
Инсулин 
мен 
пролактин 
глюкозаның пентоздық және гликолиздік алмасуын
арттырып, май құрылуын күшейтеді. Үшглицеридтердің 
түзілуі мен ыдырауы қандағы глюкозаның деңгейімен 
реттелінеді. Онда глюкоза көп болғанда май қышқылдары 
энергия түзілуге пайдаланылмай қорға жиналады. Керісінше, 
глюкоза деңгейі қанда төмендегенде майдың қорларынан 
босап шығуы байқалады. Бұл өзін-өзі реттейтін үрдіс май 
алмасуының күрделі жүйкелік және эндокриндік реттеу 
жүйелерінің бір тармағы болып есептеледі. 
Ұзақ жан-дүниелік күйзелістер майдың қорларынан босап 
шығуына, адамның арьш-жүдеуіне әкеледі. 
Симпатикалық 
жүйке 
жүйесі 
қозғанда 
да 
майдың 
қорларынан босап шығуы күшейеді, ал бұл жүйенің әсері 
әлсірегенде, керісінше, ол азаяды. Парасимпатикалық 
жүйкелердің қозуы кезінде денеде май жиналуы артады. 
Соматроптық, тиреотроптық гормондар және тироксин майдың 
май 
тінінен 
босап 
шығуын 
жұмылдырады. 
Сондықтан 
балалардың өсуі кезінде және гипертиреозбен ауыратын 
науқас адамдардың тым арықтығы байқалады. Гипофиздің 
гормоны бета-липотропин майлардың ыдырауын арттырады. 
Бүйрек үсті бездерінің сыртқы қабатының 
глюкокортикоидтық гормондары липолизді арттырып, май 
түзілуін кемітеді. Бірақ олар көмірсулары алмасуына әсер 
етіп, қанда глюкозаның деңгейін көтереді де, инсулиннің 
түзілуін көбейтеді. Инсулин бауырда гликоген қорын 
көбейтеді, майлардың май тінінен босап шығуын тежейді. 
Сондықтан 
Иценко-Кушинг 
ауруы 
кезінде, 
көмірсулары 
алмасуында пентоздық-фосфаттық циклді және глюкозаны 
майға айналуын күшейтетін дигидрокортизонның түзілуі 
көбеюінен, науқас адамдардың қатты толып кетуі байқалады. 
Инсулин 
майдың 
қорларынан 
шығуын 
тежейді, 
көмірсуларының 
майға 
айналуын 
арттырады, 
бауырда 
гликогеннің 
қорлануын 
күшейтеді. 
Қанда 
глюкозаның 
деңгейін төмендетіп, адамның тәбетін көтереді.
Көрсетілген 
күрделі 
нейрогуморалдық 
реттеудің 
бұзылыстары денеде артық май жинап, адамды семіруге 
әкеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет