Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Семіру.  Май тіні мен гипоталамус өзара дабылмен (сигналмен)  163



Pdf көрінісі
бет141/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Семіру. 
Май тіні мен гипоталамус өзара дабылмен (сигналмен) 


163
алмасып тұрады. Осыдан адамның тәбеті, тағамның бойға 
сіңуі, энергияның шығындалуы мен дене салмағының мөлшері 
байланысты болады. 
Дене салмағын реттеуші жүйенің орталық тізбегі болып 
гипоталамус есептеледі. Оның вентролатералдық ядроларында 
«аштық» 
сезімінің 
орталығы, 
ал 
вентромедиалдық 
ядроларында «тойыну» сезімінің орталығы орналасқан.
Тойыну сезімінің орталығы тәбеттің орталығына тежеуші 
әсер етеді. Жануарлардың вентролатералдық ядроларын 
электр ағымымен бүлдіргенде тәбет жоғалып, олар қатты 
ариды 
және 
ашығудан 
өліп 
қалады. 
Ал, 
олардың 
вентромедиалдық ядроларын бүлдіргенде тойыну сезімі 
болмайды да, олар тамақты көп жеп, қатты семіріп кетеді.
Ішек, әсіресе ұлтабардың, гормондары тамақ қабылдауға 
жауап ретінде өндіріліп, адамның аштық сезімін басады. 
Ұлтабардың сығындысынан алынған зат осындай әрекет 
ететіні белгілі болды. Ол зат 
арэнтерин
– деп аталды. 
Бірақ ол таза күйінде әлі алынған жоқ. Сондай-ақ 
холецистокинин 
де 
аштық 
сезімді 
азайтып, 
тәбетті 
төмендетеді. 
Ол 
гипоталамустың 
вентролатералдық 
ядроларына тікелей немесе ішек-қарын жолдарындағы кезбе 
нервтің аяқшаларын қоздыру арқылы тежеуші әсер етеді. 
Біршама аздау болса да осындай әрекет бомбезиннің, 
соматостатиннің, 
нейротензиннің, 
кортиколибериннің, 
тиреолибериннің, 
қан 
тамырларына 
белсенді 
ішектік 
пептидтің әсерлерінен де байқалады. Олар тойыну сезімінің 
орталығына әсер етеді. Эндорфиндер мен энкефалиндер және 
соматолиберин тәбетті ашады. Бұл келтірілген реттегіш 
заттар ішектерде және орталық жүйке жүйесінде өндіріледі. 
Май жасушалары адипоциттер делінеді және олар 
фибробластардан тарайды. Адипоциттердің сыртқы беттерінде 
нейромедиаторларды, 
гормондарды 
қабылдайтын 
көптеген 
қабылдағыштар болады. Солар арқылы адипоциттер денедегі 
жүйкелік-эндокриндік өзгерістерге өте тез жауап қайтарып 
тұрады. Содан бұл жасушаларда май түзілуі мен оның 
ыдырауы аралығында қатаң тепе-теңдік сақталады. 
Адипоциттер 
көптеген 
гормондық 
заттар 
өндіріп 
шығарады: 
● 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет