Карпентер синдромы. Аутосомдық-бәсеңкі жолмен тарайтын
ауру. Бұл кезде семіру ақыл-ес дамуының кешеуілдеуімен
және гипогонадизммен қабаттасады.
Басқа синдромдармен эндокринология курсы таныстырады.
Салдарлық
семірудің
шеткерілік
түрі
шеткері
эндокриндік бездердің аурулары кездерінде байқалады.
Оларға
мысал
ретінде
Иценко-Кушинг
синдромы,
гипогонадизм,
гипотиреоз,
инсулинома
кездеріндегі
семірулерді келтіруге болады.
Семіруден алдын-ала сақтандыру мен емдеу тәсілдерінің негіздері. Семіруден алдын-ала сақтану мен емдеу тәсілдерінің
негізінде, қоректенудің тәртібін сақтаудың маңызы өте
зор. Тамақтың құнарлылығын, ондағы ас тұзын, тәтті және
ашты тағамдарды шектеп, бөлшектеп, жиі (күніне 5-6 рет)
қоректену қажет. Тамақтың құнарлылығын күн бойына дұрыс
бөлу ерекше маңызды. Тамақпен түсетін энергияның 70%-ы
күннің бірінші жартысына (ауыз ашар, екінші ауыз ашар,
түскі ас) келуі керек, Оның тек 30%-ы түстен кейінгі
астануларға (түстен кейінгі, кешкі және жатар алдындағы
ас) келгені дұрыс. Жатар алдындағы астану ұйықтардың
алдында 2 сағат бұрын болуы қажет. Тамақтанудың осындай
тәртібінде организмге тамақпен түсетін энергияның негізгі
бөлшегі жұмыс уақытындағы кеткен шығынын толтырады да,
май түрінде қорға жиналуы азаяды.
Дұрыс қоректенудің негізінде — сапалық құрамы жағынан
организмге қажетті мөлшерде нәруыздармен, витаминдермен
және микроэлементтермен жабдықталған тамақтану жатады.
Тағамда өсімдік майларының мөлшері мен
жануарлар; майларының ара қатынасы 1:2 болуы
қажет. Өсімдік майларында көп қанықпаған май қышқылдары
басым болуына байланысты организмдегі майлардың
ыдырауы күшейеді. Тамақта жеңіл қорытылатын көмірсулары
аз болуы керек.
Сонымен бірге гиподинамияны шектеу, дене шынықтыру мен
спортпен шұғылдану қажет. Толық адамдарда май
алмасуы бұзылуын жөнге келтіру үшін арнайы дәрілер, оның
ішінде бүгінгі зерттеліп жатқан лептин, сонымен бірге
173 балық майынан алынған «эйконол» қолданылады.
Ол қанда майдың мөлшерін, артериалық қысымды
төмендетеді, қанның ұюын ретке келтіреді.