Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


НӘРУЫЗДАР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет150/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

НӘРУЫЗДАР АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ 
Нәруыздар алмасуының бұзылыстары тамақпен түсетін 
нәруыздардың жеткіліксіздігінен 
біріншілік (экзогендік)
және 
организмнің 
өзіндегі 
өтетін 
үрдістердің 
бұзылыстарынан 
екіншілік 
(эндогендік)
болады. 
Нәруыздардың біріншілік жеткіліксіздігі: 
● толық ашығу немесе тамаққа жарымаудан; 
● тамақтағы нәруыздардың құрамында алмастырылмайтын 
аминқышқылдары 
(валин, 
изолейцин, 
лейцин, 
лизин, 
метионин, треонин, триптофан, фенилаланин, гистидин, 
аргинин) тапшылығынан олардың сапасы төмен болудан – 
дамиды. 
Нәруыздардың екіншілік (эндогендік) жеткіліксіздігі: 
● ішек-қарын жолдарында нәруыздардың ыдыратылуы мен 
сіңірілуі бұзылудан. Ішек-қарын сөлдерінің протеолиздік 
ферменттерінің 
әсерлерінен 
тамақтың 
нәруыздары 
аминқышқылдарына 
дейін, 
нуклеотидтері 
нуклеин 
қышқылдарына дейін ыдыратылып, ішектердің қабырғалары 
арқылы қанға сіңіріледі. Олардың ішек-қарын жолдарында 
ыдыратылуы мен сіңірілуінің бұзылыстары: 
♣ асқазан сөлінде тұз қышқылы мен протеолиздік 
ферменттер (пепсин, трипсин, химотрипсин) азаюынан, 
немесе бұл ферменттердің белсенділігі төмендеуінен;
♣ ұйқы безінің аурулары (панкреатит, ұйқыбездің 
некрозы, оның өзегі бітеліп қалғанда т.с.с.) кездерінде 
оның сөлі аз өндірілуінен немесе ұлтабарға аз түсуінен;
♣ ашішектердің қабыну кездерінде қимылдық әрекеттері 
күшейіп кетуден немесе олардың біршама бөліктері оталып 
тасталғанда т.с.с. жағдайларда байқалады. Ас қорыту 
жолдарының жоғарғы жақтарында нәруыздардың ыдыратылуы 
болмауынан толық ыдыратылмаған өнімдер тоғышекке ауысады. 
Онда аминқышқылдары бактериялардың қатысуымен іріп-шіруге 
ұшырап, организмге уытты әсер ететін индол, скатол, 
фенол, крезол сияқты заттарға айналады.
● нәруыздардың организмде түзілуі бұзылғанда; 
● тіндерде нәруыздар артық ыдыратылғанда; 
● нәруыздар көптеп организмнен сыртқа шығарылып 
кеткенде – дамиды. Бұл кезде теріс азоттық тепе-теңдік 
байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет