169
56%-ында семіруге бейімдік байқалады. Ал, екі бірдей
толық адамдардан туған балалардың 78%-ында артынан семіру
пайда болады.
Біріншілік семірудің даму негізінде, тұқым қуалауға
бейімділіктің нәтижесінде май жасушаларында лептиннің аз
түзілуінің маңызы зор дегенмен де, организмге түсетін
энергия мен оның шығындалуының арасындағы тепе-теңдіктің
бұзылуына мән бермеуге болмайды. Бұл кезде адипоциттер
мен
гипоталамустың
арасындағы
байланыстардың
өзгерістерінен, денедегі май тінін жеткіліксіз деп
қабылдайтын, дене салмағын орнықтыратын нүкте жоғарылап
ығысып кетуі болады. Содан оны нейропептидтік реттеудің
жаңа сапалы деңгейіне сәйкес организмге түсетін энергия
оның
шығындалуынан
басым
болып
кетеді.
Энергия
шығындалуының азаюы адамның гиподинамиясынан байланысты.
Сол себепті адам ішетін тамақты азайтып, қимыл-қозғалысты
көбейту арқылы дене салмағын қалыпты мөлшерде ұстап тұра
алады. Семіру ішкен
тамақтың мөлшерінен ғана емес, оның
сапалық
құрамынан,
қоректену
тәртібінен
де
көп
байланысты.
Тамақтың
құрамында
нәруыздардың
аздығы
семіріп кетуге ықпал етеді. Тамақ ішу сирек және бір
ішкенде мол болса, олда семіруге әкеледі. Бұл кезде
организмдегі инсулиннің деңгейі жоғары деңгейде ұзақ
ұсталып тұрады. Тамақты тым кеш, жатар алдында ішуде
дененің толуына қауіп төндіреді.
Біріншілік семіру кезінде артық салмақтан арылу әлі
адамның толық сауығуы емес.
Бұл кезде көптеген дерттік
өзгерістер сақталып қалады және олар әртүрлі бұзылыстарға
әкелуі ықтимал. Артық салмақтан арықтаған адамдарда:
●
зат
алмасуларының
бұзылыстары,
соның
ішінде
лептиннің жеткіліксіздігі, содан нейропептид Y ұдайы
артық түзілуі сақталып қалады;
● адипоциттер бұрынғыша май қышқылдары мен глицеринге
өте үйір болады және оларда липолизден босаған май
қышқылдарын қайта әтірлеу жоғары деңгейде болады;
●
май
тінінде
липопротеидлипаза
ферментінің
белсенділігі көтеріңкі болады;
● тойыну сезімі орталығының
серотонинге сезімталдығы
төмен болады;
● адипоциттердің β-адреномиметиктерге сезімталдығы аз
болады;
● гипоталамустың инсулинге сезімталдығы төмендеген;
● гиперплазиялық және аралас семірулер кездерінде май
жасушаларының саны көбейген.
Осыдан артық салмақтан арылған адамдардың біршама
170
қызметтік көрсеткіштері нашарлайды.
♣ гипоталамус қалыпты дене салмағын азсынып,
арықтауға қарсы жауап қайтарады;
♣ гипофизде тиреотропин өндірілуі азаюдан гипотиреоз
дамиды. Содан бұндай адамдардың суыққа төзімділігі
төмендейді;
♣
негізгі алмасу төмендейді;
♣ әсіресе әйелдердің жыныстық қабілеті азаяды,
етеккір келу оралымының бұзылыстары байқалады. Өйткені
адипоциттерде эстрогендер түзілуі азайған;
♣ арықтау үшін еркінен тыс қоректену адамның жан-
дүниелік күйзелістеріне әкеледі;
♣
кейбір
адамдарда
лейкопения,
брадикардия,
гипотензия дамиды;
♣ қатты арықтаудың нәтижесінде иммунитет әлсіреуі
мүмкін.
Осы келтірілгендерге байланысты семірудің бұл түрін
емдеу қоректенуді азайту мен емдік гимнастикаларға ғана
бағытталып қоймауы керек. Негізгі патогенездік емшаралар
организмде лептиннің деңгейін көтеруге бағытталғаны жөн.
Сонымен
липостаздық
жүйеде
гипоталамус,
ішек
гормондары, бүйрек үсті бездері, ұйқыбездің β-жасушалары
және май тіні аралық қатынастарының маңызы өте зор.
Олардың өзара әсерлері дене салмағының тұрақтылығын және
организмнің метаболизмдік мұқтаждығына
сәйкес қоректену
тәртібін қамтамасыз етеді.
Достарыңызбен бөлісу: