171
гипоталамустың вентромедиалдық орталығының жарақаттан,
өспе
өсуінен,
қан
құйылуынан,
энцефалит
дамуынан
бүліністерін келтіруге болады.
Салдарлық семірудің шеткерілік түрі: Иценко-Кушинг
синдромы, инсулинге тәуелсіз қантты диабеттің 2-түрі,
гипогонадизм,
инсулинома
т.с.с.
дерттер
кездерінде
байқалады.
Салдар семірудің орталықтық түрін біріншілік семіруден
айырып тану қиындыққа ұшырайды. Оларды ажырату үшін
науқастың көктамыр ішіне люлиберин енгізіп, сынама
өткізеді. Бұл кезде біріншілік семіздігі бар адамдардың 1
литр қанына шаққанда пролактиннің деңгейі жарты сағаттан
кейін 200-300 халықаралық өлшемнен астам көтеріледі. Ал,
орталықтық
салдарлық
семіру
кезінде
енгізілген
люлиберинге организм пролактиннің көп өндірілуімен жауап
қайтармайды. Көпшілік жағдайда гипоталамустық семіру
белгілі мөлшерде гипогонадизммен қабаттасады және бұндай
адамдар тамаққа қомағай болып келеді.
Гипоталамустық семірудің кейбір түрлері тым ерекше
өтуіне
қарай
бірнеше
аурулардың
жекеше
түрлерін
(синдромдарды) ажыратады.
Достарыңызбен бөлісу: