висцералдық (ішкі ағзалық) семіру
дейді. Ол андроидтық
семірумен қабаттасады және ішкі ағзалардың қызметтерінің
екіншілік бұзылыстары дамуына ауыр қатер төндіреді.
Өйткені ішкі ағзалардың май жасушалары катехоламиндердің
әсерлеріне өте сезімтал болып келеді және инсулинге қарсы
әсер ететін кахексинді көбірек бөліп шығарады. Сондықтан
толық
науқас
адамдарда
осы
адипоциттер
инсулинге
төзімділік дамуына үлкен үлес қосады. Висцералдық май
жасушалары
өндіріп
шығарған
гормондық
заттар
мен
майлардың ыдырау өнімдері қақпалық көктамыр арқылы
тікелей бауырға бағытталады. Содан бауырда заттардың
алмасуына және жүйелік қанайналымға қатты әсер етеді.
Тұжырымдай келе
: гиперплазиялық, андроидтық және
висцералдық семірулер гиноидтық, гипертрофиялық, тері
астылық семірулерге қарағанда организм үшін зияндырақ
екенін көрсеткен жөн
.
Осыған мысал ретінде жапондардың сумо күресімен
шұғылданатын күрескерлердің толықтығын келтіруге болады.
Олар, тым артық салмағына қарамай, өздерінің денсаулығын
ұзақ уақыт сақтай алады. Өйткені бұл күрескерлердің артық
дене салмағы қанықпаған май қышқылдарымен толықтырылған
арнайы дәстүрлі түрде тамақтануына байланысты дамиды және
олар ұдайы ауыр қимыл-қозғалыстарда болады. Ал қимыл-
қозғалыстың аздығынан семіру кездерінде май негізінен
ішкі ағзаларда жиналады.
Сонымен майдың организмде жалпы жиналуынан көрі оның
дененің
жекелеген
бөліктерінде
жиналуы
дерттануда
маңыздырақ деуге болады.
Липостаздық жүйенің өзгерістері және біріншілік
семірудің патогенезі.
Майдың
май
тінінде
жиналуы
(липогенез)
липопротеидлипаза ферментінің қатысуымен жүреді. Бұл
фермент май тінінің қан қылтамырларындағы эндотелий
жасушаларының сыртқы беттеріне шығып, ішектерде және
167
бауырда
өндірілген
липопротеидтерден
үшглицеридтерді
ыдыратып шығарады. Май қышқылдары эндоцелиоциттерден
өтіп,
жасуша
аралық
кеңістіктерге,
артынан
май
жасушаларына ауысады. Оларда глицериннің қайта әтірленуі
және меншік үшглицеридтердің қалыптасуы болады. Артық
тамақтанғанда
және
біріншілік
семіру
кездерінде
липопротеидлипазаның
белсенділігі
көтеріледі.
Оның
белсенділігі артуына инсулин ықпал етеді.
Май жасушаларында май глюкозадан да түзіледі. Инсулин
май тінімен глюкозаның қамтылуын күшейтіп, одан май
түзілуін
арттырады.
Липогенез
α
2
-адреномиметиктердің
әсерлерінен де күшейеді. Глюкокортикоидтық гормондар
майлардың әрі түзілуін, әрі ыдырауын арттырады. Олардың
әсері катехоламиндердің май жасушаларына пермиссиялық
(қолдаушы) әсерінен байланысты болады. Дененің әр түрлі
бөліктерінде орналасқан май тіндерінде катехоламиндерді
қабылдайтын адренорецепторлардың жиынтықтары да әрқилы
болудан гиперкортицизм кезінде глюкокортикоид- тардың
әсерлерінен май негізінен бетте, мойында және дененің
жоғары жақтарында артық түзіледі. Бұл кезде аяқ-қолдарда
липогенез керісінше азаяды.
Майлардың ыдырауын (липолизін) май жасушаларының
іштерінде болатын гормонға тәуелді липаза ферменті
қамтамасыз етеді. Ол ц-АМФ- тәуелді протеинкиназамен
әсерленеді.
Адипоциттердің
сыртқы
беттеріндегі
рецепторларға норадреналин әсер етуден аденилатциклаза
әсерленіп, май жасушаларының ішінде ц-АМФ көбеюден
липолиз күшейеді. Бұл катехоламин май жасушаларына β
3
-
адренорецепторлары арқылы әсер етеді. Осыған байланысты
біріншілік
семіруге
бейімділігі
бар
адамдардың
адипоциттерінде β
3
-адренорецепторлардың әсерленуі төмен
болады. Осыдан майлардың ыдырауы кеміп кетеді.
Аденогипофиздің
гормондары:
кортикотропин,
соматотропин, лютеотропин, тиреотропин, липотропин және
қалқанша бездің гормондары, симпатикалық-адренергиялық
жүйенің қозуы майлардың ыдырауына әкеледі. Осыдан қанда
май қышқылдары мен глицерин көбейеді. Май қышқылдары онда
әлбуминмен байланысып бауырға тасымалданады. Біріншілік
семіруге бейім адамдарда глицериннің көп бөлігі қайтадан
үшглицеридтерге айналады. Сонымен бұндай адамдардың
адипоциттері
үшглицеридттерден
айырылғысы
келмейді.
Липолизге
қажетті
гормондық
липаза
ферментінің
белсенділігін
инсулин
тежейді.
Сол
себептен
гиперинсулинизм
кезінде
(инсулинге
тәуелсіз
қантты
диабеттің 2-түрінде және инсулинома кездерінде) адамның
|