Патофизиология пәні, мақсаты мен міндеттері және оларға жету


Нәруыздардың организмде алмасуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет151/600
Дата19.05.2022
өлшемі6,36 Mb.
#143928
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   600
Байланысты:
Патофизиология учебник (1)

Нәруыздардың организмде алмасуының бұзылыстары
:
● олардың түзілуі мен ыдырауы бұзылыстарымен;
● 
амин 
қышқылдарының 
аралық 
алмасуының
өзгергерістерімен;


174
● 
нәруыздар 
алмасуының 
соңғы 
кезеңдерінің 
бұзылыстарымен – көрінеді. 
НӘРУЫЗДАРДЫҢ ТҮЗІЛУІНІҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ.
Нәруыздардың 
түзілуінің 
бұзылыстары 
екі 
түрлі 
себептерден болуы мүмкін:
● 
аминқышқылдарының, 
әсіресе 
алмастырылмайтын 
аминқышқыл- дарының, жетіспеушілігінен; 
● жасушалардың гендік құрылымдарының өзгерістерінен 
немесе 
олардың 
қызмет 
атқару 
белсенділігінің 
нашарлауынан.
Организмде нәруыздардың қоры болмағандықтан оның 
аминқышқылдарына жоғары мүқтаждығы тамақпен түсетін 
нәруыздармен 
қамтамасыз 
етіледі. 
Адам 
организміне 
тәулігіне 80-100 г. нәруыз тамақпен түсуі қажет, оның 
ішінде 30 г.жануарлардың нәруыздары болуы керек. Нәруыз 
организмде түзілу үшін ішектер арқылы сіңірілген тамақтың 
аминқышдары пайдаланылады. Олардың ішінде аса маңыздылары 
алмастырылмайтын (валин, изолейцин, лейцин,
лизин, метионин, трионин, фенилалалин, триптофан, 
гистидин, аргинин) аминқышқылдары. Бұлар организмге 
белгілі мөлшерде және арақатынастарда түсіп тұруы қажет 
Олардың тіпті біреуі болмаса тіндерде нәруыз түзілмейді. 
Сондықтан тағамдағы нәруыздардың асқорыту жолдарында 
ыдыратылуы мен сіңірілуі бұзылғанда олардың екіншілік 
жеткіліксіздігі дамиды. Бұндай жағдайлар ішектердің 
сөлденісі және қимылдық әрекеттері бұзылыстарына
әкелетін ішек-қарын жолдарының аурулары, ашығу, 
аминқышқылдары бойынша құрамы толық емес сапасыз 
тамақтану кездерінде байқалады.
Жасушалардьщ гендік құралдарының өзгерістері немесе 
олардың қызмет атқару белсенділігінің төмендеуі тұқым 
қуатын және жүре пайда болған болып екіге бөлінеді. 
Осылардың нәтижесінде нәруыз түзілуі өзгереді немесе 
құрылымы өзгерген нәруыздар түзіледі. Тұқым қуатын 
гендердің мутациясы мысалына орақ тәріздес жасушалы 
анемия кезіндегі S-гемоглобиннің түзілуін келтіруге 
болады. Бұл кезде гемоглобиннің нәруыз бөлшегінде бір 
аминқышқылының 
(глутамин 
қышқылы) 
орнына 
басқа 
аминқышқылы (валин) орналасқан. 
Кейде гендік ақаудың нәтижесінде кейбір нәруыздардың 
түзілмеуі байқалады. Мәселен, бауырда гаммаглобулин 
түзілмегенде тұқым қуатын агаммаглобулинемия дамиды. 
Тұқым 
қуатын 
кейбір 
ферменттердің 
түзілмеуі 
11-
гидроксилаза немесе 21-гидроксилаза ферменттері 
организмде 
түзілмегенде 
кортикостероидтық 
гормондар 
өндірілмейді де, олардың аралық өнімдері жыныстық 


175
гормондар артық түзілуден адреногениталдық синдромның 
кейбір түрлері дамиды. 
Жүре пайда болған гендік құралдардың бұзылыстарына:
● физикалық (иондағыш сәулелер, ыстық немесе суық 
температуралар.);
● химиялық улы өнімдер, асқын тотықтар, дөрі-дәрмектер
(цитостатикалық препаратттар); 
● стрестік жағдайлар;
● ағзаның жүйкеленуінің бұзылыстары; 
● эндокриндік бездердің (аденогипофиздің, бүйрек үсті 
бездерінің, жыныс бездерінің т. б.) қызметтерінің 
өзгерістері 
● дене мүшелері мен тіндерінің қызмет атқаруының 
әдеттегіден басқаша болуы (гиподинамия, гиперфункция) - 
әкеледі. 
Бұл кезде физикалық, химиялық, немесе басқа стрестік 
жағдайлардың әсерлерінен еркін радикалды тотығудың қатты 
көтерілуі, 
содан 
май 
қышқылдарының 
гидроасқын 
тотықтарының жасушалардың гендік құралына (ядроға) теріс 
әсерлері байқалады. Осының нәтижесінде ядрода ДНК 
молекуласының 
редупликациясы, 
транскрипция 
және 
трансляция 
үрдістері 
бұзылады. 
Эндоплазмалық 
ретикулумның, 
рибосомалардың 
мембраналары 
өзгеруіне 
байланысты оларда нәруыздардың түзілуі азаяды. 
Жүйке талшықтары тіндердің нәрленуін (трофикасын) 
қамтамасыз ететін болғандықтан ағзалар мен тіндердің 
жүйкеленуінің бұзылуы нәруыз түзілуінің бұзылыстарына 
әкеледі. Сондықтан жүйкеленуі бұзылған дене мүшелерінің 
семіп қалуы байқалады. 
Аденогипофиздің өсу гормоны организмде нәруыз түзілуін 
арттырады. Осыдан бұл бездің соматотропинома деген 
өспесінде соматотропиннің артық өндірілуінен нәруыз 
түзілуі артып алыптық немесе акромегалия деген аурулар 
пайда 
болады. 
Керісінше, 
бұл 
гормон 
жеткіліксіз 
түзілгенде нәруыз түзілуі баяулағандықтан балаларда 
ергежейлілік дамиды. Бүйрек үсті бездерінің сыртқы 
қабатының глюкокортикоидтық гормондары нәруыз түзілуін 
шектеп, 
ыдырауын 
арттырады, 
минералокортикоидтық 
гормондар және жыныс бездерінің гормондары (андрогендер 
мен эстрогендер) керісінше, оның түзілуін арттырады. 
Жасушалардың гендік құралымен олардың қызмет атқару 
қарқынында белгілі байланыстық бар. Ағза мен тіндердің 
қызмет атқару қарқыны көтерілгенде нәруыздардың түзілуі 
ұлғаяды. Ол төмендегі жолмен болуы мүмкін. Қызметі 
көтерілген ағза АТФ энергиясын артық пайдаланады. 


176
Сондықтан 
АТФ-тың 
ыдырау 
өнімдері 
(АДФ, 
АМФ, 
бейорганикалық фосфор) жиналады. Жасушаларда АДФ, АМФ, 
Ф/АТФ арақатынасының көбеюі нуклеин қышқылдары мен нәруыз 
түзілуін көбейтеді. Былайша айтқанда АТФ-тың ыдырау 
өнімдері көптеген ағзалардың (бұлшық ет, сүйек кемігі, 
жүрек, бүйрек т.с.с.) жасушаларында гендік құралдарының 
белсенділігін көтеріп, нәруыз түзілуін арттырады (Меерсон 
Ф. 3.1986 г.). Бұл кезде олардың түзілуіне тікелей әсер 
ететін реттеуші өнім болып циклдік АМФ есептелінеді. 
Циклдік АМФ жасушаларда транскрипция үрдісін арттыру 
арқылы нуклеин қышқылдары мен нәруыздардың түзілуін 
күшейтеді. 
Циклдік 
АМФ 
түзілуіне 
қажетті 
аданилатциклазаны 
белсен-дендіретін 
норадреналин, 
изопротеренол, 
простагландиндер 
жүрек 
жасушаларының 
гипертрофиясын туындататыны белгілі. 
Сонымен бірге АТФ молекуласында магний иондары бар. 
Олар 
нәруыз 
түзілуінде 
транскрипция, 
трансляция 
үрдістерінің қажетті кофакторлары болады. Сондықтан АТФ 
ыдырағанда цАМФ-пен қатар магний иондары да босайды. 
Магний иондары жасушаның гендік құралын белсендендіріп, 
нәруыз түзілуін арттырады. Циклдік АМФ пен магаий 
иондарынан басқа да, әлі толық зерттелмеген, нәруыз 
түзілуін реттеуші-өнім болуы мүмкін. Сайып келгенде, АТФ 
ыдырауы ұлғайғанда жасуша нәруыз түзілуін арттырады, 
керісінше, АТФ ыдырауы төмендегенде (гиподинамия кезінде) 
ол оны азайтады. Нәруыз түзілуі организм үшін өте 
маңызды. Ол организмде ағзалар мен тіндер жасушаларының 
ұдайы жаңарып тұруы үшін қажет. Сонымен қатар бұл үрдіс 
ұдайы өзгеріп тұратын сыртқы орта ықпалдарының әсерлеріне 
организмнің бейімделу (адаптация) жолдарының негізінде 
жатады. 
Мәселен, 
бұлшықеттердің, 
жүректің, 
сүйек 
кемігінің, жұп ағзалардың (бүйрек, өкпе) біреуі сылынып 
тасталғанда организмде сақталған ағзаның қызметтері 
көтерілуіне 
байланысты 
гипертрофиялары 
мен 
гиперплазиялары дамуында нәруыздар түзілуі көтерілуінің 
маңызы үлкен. 
Мида жаңа шартты рефлекстік байланыстардың пайда болуы 
және бекуі, адамның есте сақтау қабілетінің негізінде 
нәруыз түзілуі маңызды орын алады. Бұлардың сыртқы орта 
ықпалдарына организмнің бейімделуі үшін маңызы өте үлкен. 
Сонымен бірге ағзалар мен тіндердің атқаратын қызметтері 
төмендегенде нәруыз түзілуі азаяды да, атрофия дамиды. 
Бұған мысал ретінде шынықпаған организмдердің бұлшық 
еттерінің семуін келтіруге болады. Осыған байланысты ұзақ 
гиподинамия бейімделу мүмкіншіліктерін азайтады. Осының 


177
нәтижесінде дамитын жүрек аурулары асқазанның ойық жара 
ауру т.б. дерттердің даму жолдарында нәруыз түзілуі 
шектелуінің маңызы өте зор. 
Сонымен бірге, нәруыз түзілуі бұзылғанда эндокриндік 
бездерде гормон түзілуі, иммундық жүйеде антиденелер мен 
лимфоциттер, комплемент жүйесі, сүйек кемігінде қан 
жасушалары 
өндірілуі 
бұзылады. 
Осыдан 
организмде 
гормондардың 
жеткіліксіздігі, 
жұқпаларға 
организмнің 
төзімділігінің 
төмендеуі, 
анемия 
т.с.с. 
құбылыстар 
байқалады. 
Нәруыз түзілуі, әсіресе өсіп келе жатқан, жас 
балалардың органимі үшін өте қажет. Тамақпен нәруыздардың 
аз 
түсуінен 
немесе 
ас 
қорыту 
жолдарында 
олардың 
сіңірілмеуінен 
балалардың 
организмінде 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   600




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет